«Жетпегені осы еді»: Бойжеткен жігітіне өзі ұсыныс жасады

Қазнетте бойжеткен өзінің жігітіне үйленуге ұсыныс жасаған видео тарады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok парақшасында жарияланып, 1 миллион қаралым, 79500 лайк жинаған.

Кадрдан тізерлей отырған қыз өзінің сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, саусағына сақина таққанын байқауға болады. Ал жігіт ойланбастан «иә» деп жауап береді.

Бұл көрініске Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

«Мәхірге не сұрайсың?», «Осындай қыз бұйырсын», «Гүл бермегені ұят болыпты», «Осындайға жәймен келе жатырмыз», «Жетпегені осы еді», - дейді олар.