воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-11oC
×

Баланың теріс діни ағымдарға өткенін қайдан білуге болады?

Жасыратыны жоқ, қазір дәстүрлі емес діни ағымдардың қатары жас қаракөздермен толығып отыр. Жай ғана жұма намаздан басталатын құлшылықтың арты көп жағдайда қауға сақал қойып, балақты қысқартуға ұласады. Осы орайда дін мамандары радикалды діни ағымдардан қалай сақтану керектігін айтып отыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Нұрлы білім» теріс діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Рүстем Сыздықов салафизммен уланған жастарды қалай анықтауға болатынымен бөлісті.

«Баланың мiнез-құлқының ғана емес, сырт келбетiнiң де өзгере бастауына көңiл аударып отыру қажет. Дiни мағынадағы жаңа сөздер айта бастаса назар аударған жөн. Негiзi, мағынасы жаман болмаса да, бiр сөздердi жиi қайталаса, аса жақсы емес. Сақал өсiрiп, шалбарының балағын шолтитып, қара киiм киюге әуестене бастауы мүмкiн. Дәстүрлi Ислам дiнi мен қазақтың ұлттық дағдысына сай, мiнәжаттан соң немесе ас қайырғанда бет сипамай қояды. «Теледидар көру – һарам iс, яғни күнә; қазiргi оқу мекемелерiнде (жалпы бiлiм беретiн, орта және жоғары оқу орындарында) оқуға болмайды, олар кәпiрдiң оқуы» деген сияқты әңгiмелер айта бастайды. Мұның бәрi баланың жақындары үшiн белгi болуы керек, бұл оның «мен радикал болып барам, ұлттық, моральдық, дiни дәстүрлер ендi маған жат!» деген жаңа көзқарасының айғақтары. Ал, осының бәрiне себеп – оның жақындары да дәстүрлi дiннiң негiздерiнен бейхабар. Радикалдық экстремистiк ағымдарға керегi де осы. Абайдың мұрасын бiлмеу, қазақтың алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариндi, дiни сенiм мәселесiнде Мәшһүр Жүсiп Көпеевтi, Шәкәрiм Құдайбердiұлын, Мiржақып Дулатовты, тағы да сол секiлдi ұлтымыздың ұлы тұлғаларын танымау, өз халқының ұлттық дiни-мәдени құндылықтарын бiлмеудiң ақыры осындай қасiретке апарып ұрындырады. «Бiлiмдiге дүние жарық, бiлiмсiздiң күнi кәрiп» деген сол. Басқа жол жоқ. Қазақтың маңдайалды зиялылары да бiлген негiзгi дiни қағидаларды бiлуiмiз керек, олай болмаса, балаларымыз ертең дiни мәңгүртке айналады. Сондықтан ата-аналар өз балаларының қандай дiни ақпаратты қайдан және кiмнен алып жүргенiн байқауы керек. Олар ақпаратты ғаламтордан немесе баспа өнiмi түрiнде (кiтаптар, шағын кiтапшалар, газет-журналдар, т.б.) алуы мүмкiн», — дейді исламтанушы ғалым.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0