Қаскелеңде көшеде қару ұстап, «Аллаху акбар» деп жүрген жігіт жұрттың зәре құтын қашырды (ВИДЕО)

Алматы облысы, Қаскелең ауданында көше ортасында қолына қару ұстап жүрген жігіт жұртты шошытты, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

INSTAGRAM желісінде @zhest_kz атауымен тіркелген қолданушы жаға ұстатарлық видеомен бөлісті. Онда белгісіз ер азамат «Аллаху акбар» деп көше бойын жүріп өтеді. «Алматы облысында Қаскелеңдегі салық мекемесі маңынан жүріп өтіпті. Қолында базука бар. Біреулер кино түсірілімі болған дейді. Қаншалықты бұл ақпарат рас?» деп жазды автор. Мұны көрген желідегілердің көбі бұл жағдай расымен де кино түсірілімі екенін алға тартып, тіпті түсірілім болатындықтан ол маңды полицейлер қоршап алғанын да көргенін жеткізген.

Тағы оқыңыздар: Қарияға "Аллаxу акбар" деп табынып, аяғын сүйгендер жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Дегенмен кейбірі егер фильм түсіру алаңы болса, онда арнайы топтың жүруі тиіс екенін, ал видеода ондай маманның ешбірі көрінбейтінін айтып, күмән келтірді. Тіпті бірі «Құрандағы сөздерді қолданатындай бұл қандай фильм болды?.. Қазақша боевик пе сонда?» деп жазды. Ал кейбірі жұртты шошытқан жігіттің қолындағы ешқандай да қару емес екенін айтып, өзгелерді сабырға шақырды. Айтпақшы, «Аллаху акбар» деп жүрген жігітті көрген көшедегілер оның әрекетіне ешбір мән бермеген. Соған қарағанда бұл расымен де фильм түсірілімі секілді.