Желіде белгісіз қарияны аяғын жерге тигізбей қарсы алып, өзіне пір тұтқандардың ерсі әрекетінің видеосы пайда болды, деп xабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.
Онда бір топ ер кісі ақ киімді ақсақалды киіз төсеп, аяғын жерге тигізбей қарсы алады. Сондай-ақ видеода ақсақалға гүл шоқтарын ұстатып, жолға гүл күлтешелерін сеуіп тастағанын да байқауға болады. Ал қарсы алушылар қарияны өзіне пір тұтып, аяғын сүйеді. Бұл көрініс желіні шарлап кетіп, адамды пір тұтқандар жұрттың ашуына тиді.
"Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың, қазағым?! Адаспайық", "Мына циркке сеніп жүрген қазағым-ай" деп жазды қолданушылар. Пікір қалдырғандар арасында бұл көріністі кәдімгі тойдың басталар сәті екен деп ойлағандар да бар. "Баста келіншек келе жатыр екен деп қалдым", "Ұзататын қызды күтіп алғандай болды ғой, ерсі екен" делінген қолданушылардың пікірінде. Айтпақшы, видеоны көргендердің пайымдауынша бұл қария Оңтүстік Қазақстан облысында танымал болған Аппақ Ишанның немересі Құрбанәлі ақсақал. Ол қасиетті Меккеден оралған сәтте пір тұтушылар осындай рәсіммен қарсы алған көрінеді.