Кәрім Мәсімов Ақтау әуежайының қауіпсіздік жүйесін тексерді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары аясында Ақтау халықаралық әуежайының қауіпсіздік жүйесін тексерді, передает ИА «NewTimes.kz».

Өкімет басшысы ағымдағы жылғы Ақтауда 20 маусымда, Алматыда 18 шілдеде болған оқиғалардан кейін адамдар көп жиналатын нысандарда лаңкестікке қарсы қауіп факторларын ескере отырып, қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған. Осыған байланысты әуежайлардағы және теміржол вокзалдарындағы қауіпсіздік мәселелерінің маңызы зор.

Премьер-Министрге облыстағы әуежай және теміржол қызметі туралы баяндалды. Бұдан кейін Кәрім Мәсімов әуе айлағының терминалында болып, тексерудің алғашқы желісінің жұмысын көрді және қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ делегация кедендік және шекаралық бақылау аймақтарында болды және ішкі және халықаралық жүктерді өңдеу үдерісімен танысты.

Ақтау аэродромы Б класында, тікұшақтармен, ұшақтармен жабдықтарды, қайраңдық кеніштерді игеріп жатқан компаниялардың материалдарын қабылдап, жөнелту мүмкіндіктері бар. Теңіз порты және теміржол қатынасы болуы теңіз, әуе және теміржол көліктерімен аралас жүк тасымалдарын қолдануға мүмкіндік береді.

Әуежай терминалы ұшулар туралы визуалдық хабарлау заманауи жүйесімен жарақтанғанын атап өткен жөн,  терминалда орнатылған мониторлардан жолаушылар тәуліктегі ұшып келулер және ұшып кетулер туралы ағымдағы ақпараттарды дер кезінде бақылап отыра алады.

Еске сала кетейік, К.Мәсімов аймақтарға сапарлары барысында көлік инфрақұрылымы нысандарының, атап айтқанда, әуежайлардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Айталық, Премьер-Министр бұған дейін Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Қостанай, Павлодар, Атырау әуежайларын теексеріп шықты және Петропавл әуежайын жаңғырту барысымен танысты.