суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Алматыда оңалту көмегін дамытуға басымдық берілмек

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «MEIIRIM» оңалту орталығында болды.

2004 жылы ашылған орталықтың алғашқы күнінен бастап мұнда БЦП және аутизм диагнозы бар 200-ге жуық бала оңалтудан және әлеуметтендіруден өтті. Бұл орталық балалардың күні бойы ата-анасыз жүруіне мүмкіндік беретін елдегі алғашқы мемлекеттік емес мекеме. Мұнда 3 жастан 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуы, әлеуметтенуі және оқуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

«Жабдықталу жағынан флагман болып табылатын бұл орталықтың қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартып, оңалту мәселесін шешуде маңызы зор», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Орталық директорының м.а. Амина Өмірәлиева тірек-қимыл жүйесін дамыту, зияткерлік дағдылар, Монтессори және т.б. әдістерімен шұғылдануды қамтитын оңалту орталығының моделімен таныстырды.

Бұл орталықтың негізгі қызметі - жүйке, тірек-қозғалысы жүйесінің патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерге оңалту көмегін көрсету болып табылады. Сондықтан да денсаулық сақтау саласындағы оңалту қызметіне заманауи жаңа технологиялардың трансфертін енгізу басымдыққа алынған. Сонымен қатар, орталық оңалту ісінде медициналық, педагогикалық және әлеуметтік саладағы үш бағытта қызмет көрсетудің тоқайласқан, негізгі жиынтық нүктесі. Яғни, мұнда келген әрбір мүмкіндігі шектеулі бала емделумен қатар, білім ала отырып, қоғамға бейімделу үдерісін бойына сіңіреді деген сөз.

«Жалпы, кеңес заманында мұндай дертке (балалардың церебралды сал ауруы, ДЦП)» ұшыраған балалар болса да, көп жағдайда ол туралы ашық айтылмаған шығар деп ойлаймын. Бұл мәселеге қатысты нақты статистикалық дерек пен оның себебін дөп басып айту қиынның қиыны. Ақиқаты сол - дерт меңдеп, сырқат балалар саны жыл өткен сайын еселенуде. Оған экологиялық жағдай мен климаттың өзгеруі, адамзат баласының қорек етер азық-тү­лік өнімдері сапасының төмендеуі, адамдардың денсаулықты күтіп ұстауға атүсті қарауы секілді мәселелер әлемдік тәжірибеде көп айтылады», - дейді мамандар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0