среда, 8 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
27oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Алматы әкімі қаладағы мұз айдындарының дайындық барысын тексерді

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен қаладағы мұз айдындарының дайындық барысын тексерді.

Биыл қыста қалада төрт тегін, яғни «әлеуметтік» мұз айдындары ашылады. Атап айтқанда, 28 панфиловшылар саябағында, Тұңғыш Президент бағында, сондай-ақ Наурызбай мен Түрксіб аудандарында, «MART» ойын-сауық орталығында іске қосылады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев дайындық жұмыстарының барысын тексеріп, мұздың сапасы мен ілеспе сервистік инфрақұрылымын дұрыстау жөнінде бірқатар ескертулер жасады.

«Мұздың сапасын ретке келтіріп, конькиді жалға беру мен тамақтанатын орындарды дұрыс жолға қойып, демалу орындары мен санитарлық аймақтарды ойластыру керек. Мұз айдыны кез-келген жастағы келушілер үшін қауіпсіз және ыңғайлы болуы тиіс», — деп мердігер компания өкіліне айтқан қала әкімі Б. Сағынтаев, «әлеуметтік» дегеніміздің сапасыздық емес екенін тілге тиек етті.

Мұз айдынының жалпы ауданы 12 мың шаршы метр. Алаңдағы мұз табиғаттың күрделі жағдайына байланысты болмайды. Айдындар арнайы жүйемен салқындатылады. 28 панфиловшылар саябағы мен Тұңғыш Президент бағындағы мұз айдыны мұз алаңдары түрінде жасалған.

Сапар қорытындысы бойынша қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарларына, аудан әкімдері мен тиісті басқармаларға қалалық мұз айдындарының техникалық дайындық барысын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Желтоқсан айында бұқараға берілетін орындарды дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Кең көсіліп сырғанау үшін биыл ашылатын орындардың әрқайсысы 900 шаршы метрден кем болмайды.

«Мұз айдынында сырғанау 100% тегін болады. Өзінің конькиімен келген адам кез келген уақытта ақысыз сырғанай алады. Биыл сырғанау уақыты түнгі сағат 11-12-ге дейін ұзарды. Былтыр конькиді жалға алу 600 теңге болса, биыл ол жүз теңгеге қымбаттап, есесіне екі сағат сырғанауға мүмкіндік бердік», – дейді жоба жетекшісі Мұхамеджан Өсер. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0