четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Имам-молдалар ОҚО-ның барлық аудан-қалаларын аралап шықты

«Ислам мемлекеті» (ДАИШ) лаңкестік ұйымының қатарында қазақ жастарының да қолдарына қару алып соғысып жүргені бұған дейін талай айтылды. Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарымен бірге Оңтүстіктен де Сирия аттанған қазақ жастарының бар екені анықталды. ОҚО Дін істері жөніндегі басқармаға қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мамандарының айтуынша, салафизм идеологиясымен уланған жастарды кері қайтару үшін күш қолданудың қажеті жоқ. Олардың сенімінің адамқан екенін дәлелдеп бере алатындай ілім және идеология керек дейді олар.

Айта кетейік, аталған орталықтың қызметкерлері имам-молдалармен бірігіп, ОҚО-ның барлық аудан-қалаларын аралап шықты. Басты мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастардың теріс діни ағымдар қатарына өтіп кетуінің алдын алу.

Ал, жұртты өздеріне магнитше тартатындай бұл топтың нендей күші бар? Жастарды қалай иландырады? Бұл сауалдың жауабын танымал дінтанушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Сұлтанмахмұт Абжалов былайша түсіндіреді:

- Назар салып қарайтын болсақ, қазіргі жастардың өмірлік құндылықтары өзгергенін байқаймыз. Жаһанданумен бірге енген техникалық жетістіктер әлем деңгейінде үстемдік жүргізуде. Осының әсерінен жастар арасында тұтынушылық психология басым, барлығын дайын түрде қабылдауға әбден үйреніп алған. Жас буын іздеген дүниесіне қысқа уақыт ішінде ғаламтор арқалы қол жеткізуге бейімделіп алды. Мұндай азаматтарымыз күндердің бір күнінде ойламаған жерден ғаламтордағы уағызшы-идеологтардың тұзағына түсіп қалуы мүмкін. Бір айта кетерлігі, білімі таяз азамат ғаламторды сана сүзгісінен, ой елегінен өткізуге дәрменсіз. Мұндай жастар түрлі әлеуметтік желілерде таралған ақпараттардың бәрін шынайы деп қабылдайды.

Ал ДАИШ ақпараттық кеңістіктің күшін өз мүддесіне өте тиімді пайдаланып жатқан террорлық ұйым. Олар өздерінің интернет-ресурстары, теле-радио каналдары, баспасөз құралдары арқылы белсенді насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Сол үгіт-насихаттарын әлемнің 24 тілінде таратуда. Жер бетіне «ислам мемлекетін» орнатып, «әділеттілікті» таратамыз деген жалған ұрандары көпшілікке қызықты болып көрінуі мүмкін. Жас азамат олардың саяси мақсаттағы күресін жете түсіне алмай, шынайы дінді насихаттаушылар ретінде қабылдайды. Өзі де өмірде белгілі бір тығырыққа тіреліп, сансыз сауалдарға жауап таба алмаған азамат ДАИШ-тан пана тапқандай әсерде болады. Бұл тұста тұлғаның әлеуметтенуге яғни өмірдегі өз орнын табуға деген талпынысын аңғарамыз. Бұған дейін жолы болмай, сәтсіздікке ұшыраған жан ойға көп батады. Ақырында, өзінің жеке қабілеттерін шыңдап, жете алмаған жетістіктеріне Құдайдың жәрдемімен ДАИШ-те жетемін деген келте ойға тоқтам жасауы мүмкін. Бұдан соң біртіндеп жиһадшылар қатарына қосылуға әзірлікті бастайды. Ең соңында мұндай азамат «Мұсылман бауырларына» жәрдем беру үшін соғыс ошақтарына аттанып кетеді. Жас азамат неліктен мұндай әрекетке барды? Әрине, бұл тұста радикалды ағымдардың халыққа жүргізген насихатының күштілігі байқалады.

Айта кету керек, Сирия мен Ирактағы соғысқа аттанған қазақстандықтар тарапында ОҚО тұрғындары да бар. Солардың бірі шымкенттік мұғалімнің отбасы. Ер азамат әйелі және бала-шағасымен ДАИШ лаңкестік ұйымына мүше болып, Таяу Шығыстағы соғысқа аттанып кеткен. Бұл жайттан кейін облыстағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, халық арасында түсіндіру жұмыстары жиіледі. Дін мамандары мектептен бастап, барлық мекемелерге барып, теріс діни ағымдардың залалы жөнінде кездесулер ұйымдастыруда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0