суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Ералы Тоғжанов Маңғыстаудың тарихи ескерткіштерін аралап шықты

Серуен барысында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов «Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай» екенін айтып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыстағы туризмді дамыту аясында Ералы Тоғжанов киелі жерлерге аса мән аудару керектігін алға тартты. Оның айтуынша, егер бүгін тарихшы-ғалымдар қызығушылық танытса, ертең ол саяхатшылардың жиналатын орнына айналуы мүмкін.

Айта кетсек, Елбасымыздың «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында ғылыми зерттеу жұмыстары барысында көріктендіру, туристік ескі және ортағасырлық археологиялық ескі қаланың орны мен мекенін қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылы аудандық әкімдіктің бастамасымен «Археология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілер қаржысына Бейнеу ауданында «Ақпанның үйігі» мен «Сам қаласына» археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

Үйік Тұрыш ауылының солтүстік-батысынан 25 шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті алғаш рет 2006 жылы Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкерлері А. Астафьев пен М. Қалменов ашқан.

Үйіктің оңтүстік, оңтүстік-шығысы мен солтүстігінен басқа бөлігінде айнала ор жасалған. Үйіктің оңтүстік-шығысында XIX ғасырларға жататын жиырмадан астам зираттан тұратын рулық қорым бар. Зираттардың қабір үсті қоршауы үйіктен алынған ұлутастардан қаланған.

«Ақпан үйігінің» ор сыртында, оңтүстік-батыс, оңтүстік және шығыс жағында бес-алты қоршаулар сақталған. Бұл диаметрлері бір-екі метрден аспайтын қоршаулар ғұрыптық мәнге ие болуы мүмкін.

Үйік осы өлкедегі ең ежелгі ескерткіштің біріне жатады. Салыну ерекшелігіне сәйкес  б.э. дейінгі  бесінші ғасырдағы әлеуметтік дәрежесі жоғары адамды жерлеу мен оның құрметіне арнайы салынған. Үйікті аршығанда  ұлу тасты өңдеп қажетке жарату, шебер қиылыстырып қалау,  жалпы тас өңдеу  бұл өлкеде ежелден басталған өнер деген ойға келеді.

«Сам қаласы» Тұрыш елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіштің шығысы жанынан ауыларалық жол өтеді. Керуен-сарай ойыс жерде орналасқан. Географиялы бұл Үстірттің орталық бөлігі, ескерткіш Сам құмдарының солтүстігінде орналасқан.

«Сам  қаласының»  орны  Бейнеуден  65  шақырым  шығыстағы  45°35’  ендiк  пен  55°52’  бойлық  арасында  орналасқан  «Белдеулi»  деген  жерде.  Сам  құмының  етегiндегi  жергiлiктi  халық  «Белдеулi»,  «Үшүйiк»,  «Молақ»  деп  атайтын  енi  бес,  ұзындығы  он  шақырымдай  бұл  аймақта  бүгiнде  құлап  үйiкке  айналған,  кезiнде  күйдiрiлген  қызыл  кiрпiштен  салынған  қырыққа  тарта  керуен  сарайдың  орны  мен  қар  мен  жаңбыр  суын  сақтауға  арналған  таспен  шегенделген  отыздан  аса  әйкелсiз  құдық-қойма  «сардоба»  бар,  үйiктерге  жақын  жерлерде  қыштан  өрнектелiп  жасалған  құмыра  сынықтары  кездеседi.

«Сам – солтүстiк  Үстiртте  орналасқан, XIV-XVI  ғасырларда  керуен  жолдарының  тоғысындағы iрi  сауда  орталығы  есебінде  көпшілікке  кеңiнен  танымал  болған  ортағасырлық  қала».  «Сам  қаласын»  Алтын  Орданың  «Сарай  Бату»,  «Сарай  Берке»,  «Сарайшық»  қалаларымен  қатар  қойылған.

Серуен соңында Ералы Тоғжанов тарихи-мәдени ескерткіштердің бірегейлігін атап өтіп, бұл нысандар туристердің баратын жеріне айналуы тиіс деді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0