суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Маңғыстаулық теміржолшылар Елбасы Жолдауын талқылады

Қазақстанның әрбір аймағында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын барша түсіндіруде. Осы тұрғыда Маңғыстау өңірі қалыс қалмауда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Маңғыстау аудандық мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері «Шетпе-Теміржол станциясы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, Елбасының Жолдауын түсіндірді.

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Айбарша Ордабаева «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған Ақтау-Жетібай-Шетпе тас жолының көп бөлігі аяқталып, ел игілігіне жарап жатқандығын айтты.

«Мемлекет басшысы жолаушы және жүк тасымалын арттыруды тапсырды. Бұл маңызды міндеттерді орындауға теміржолшылар да өз үлестерін қосуда», — деді Шетпе теміржол станциясының басшысы, бастауыш партия ұйымының төрағасы  Әлібек Шархатбаев.

Маңғыстау жол бөлімшесінің Шетпе станциясында 33 адам жұмыс істейді. Олар халыққа қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар Елбасының Жолдаулары мен мақалаларына зор мән беріп отырады.

 

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0