пятница, 29 ноября 2024 г.
icon
513
icon
541.16
icon
4.69
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
-5oC
×

Қызылорда облысы бойынша жергілікті полиция қызметкерлерінің саны 1006 бірлікті құрайды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Құқық қорғау саласы, оның ішінде ішкі істер органдары да Елбасының назарынан тыс қалмай, 28, 29, 30, 31–қадамдарында полиция қызметкерлерінің қоғамның сенімін арттыратындай жұмыс жасауы үшін қазіргі таңда өзекті болып тұрған мәселелер көтеріліп, нақты міндеттер белгіленді.

Мәселен, 28-қадамда көрсетілген Полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту, кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудіӊ арнайы жүйесін енгізу мақсатында  Ішкі істер министрлігінде кадр саясатын жетілдіру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту, полиция қызметіндегі заңдылық пен тәртіпті нығайту, жеке құрамның біліктілігін арттыру жөнінде кешенді шаралар қабылданды.

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, ҚР ІІО-на қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрлігінің 31.08.2016 жылғы №870 бұйрығына сәйкес,  ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде үміткерлер үшін тағылымдама ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2015 жылдың 11 наурызында өткен «Нұр Отан» партиясының 16-съезінде «Полицияға кәсіби және психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізіп, полицейлердің өздерінің біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып және растап отыруын қамтамасыз ету маңызды» деген болатын. Осы мақсатта «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР-ның заңына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен еліміздің құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітіліп, қолданысқа енгізілді. Қазіргі таңда, бұл жүйе полиция қызметкерлерін кезекті аттестаттаудан өткізу кезеңінде де жүйелі қолданылып келеді.

«100 нақты қадам - Ұлт жоспары» бағдарламасында айтылған келесі мәселе, яғни 30-қадам – жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру тапсырмасы болатын.

Жалпы, облыс бойынша жергілікті полиция қызметкерлерінің саны 1006 бірлікті құрайды. Оның ішінде, 64-і аппарат қызметкерлері, 258-і учаскелік полиция инспекторлары, 78-і учаскелік полиция инспекторының көмекшілері, 27-сі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлары, 110-ы мектеп инспекторлары, 4-уі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторлары, 14-і табиғатты қорғау, 409-ы жол-патрульдік полициясы, 22-сі қабылдау-тарату, 18-і арнайы қабылдау бөлімінің қызметкерлері болып табылады.

Жергілікті полиция қызметінің негізгі бағыттары – қылмыстылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып негізделген.

Облыс әкімінің қолдауымен және маслихаттың шешімімен Жергілікті полиция қызметі құрылған уақыттан бері жергілікті бюджеттен 1 млрд. 770 млн. тенге қаражат бөлініп, материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымов, ІІО-ның кіші басшы құрам қызметкерлерінің, оның ішінде Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция саласы қызметкерлерінің материалдық жағдайын көтеру мақсатында, жол-патрульдік полиция саласының барлық лауазымдарын орта басшы құрам лауазымына ауыстыру туралы ұсыныс жолдаған.

Осы ұсыныс Қазақстан Республикасы Үкіметінде қаралып, жергілікті бюджеттен қаржыландыру мәселесін шешу үшін әкімдіктерге жолданып, бүгінгі күні Республика бойынша 4-облыста /Астана, Атырау, Қызылорда, ШҚО/ қолдау тауып отыр. Ұсыныс талаптарын орындау ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 1-жартыжылдығында атқарылатын іс-шаралар жоспарына енгізіліп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес (2017 жылғы 05 шілдедегі №473 санды «Ұйымдастырушылық – штаттық мәселелер туралы» және Қызылорда ОІІД-нің 22.07.2017 жылғы №261 санды бұйрығына), Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция саласындағы қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарындағы 248 қызметкер орта басшы құрам лауазымына ауыстырылды.

Полиция жүйесінде жаңадан енгізілген реформа полиция қызметкерлерінің жергілікті халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуына және сенім деңгейін одан әрі нығайтуға мүмкіндік беруде.

Есепті мерзімде, қала және аудан әкімдерімен бекітілген кестеге сәйкес, учаскелік полиция инспекторлары 1548 рет (2016ж.-1032, 2017ж.-516) тұрғындар алдында өз есептерін берді.

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі туралы ереженің талаптарына сәйкес, (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ереженің» 30 тармағының, 9-тармақшасы) ЖПҚ бастығы «жылына екі реттен сиретпей өкілетті және атқарушы органдар алдында, жылына бір рет халық алдында есеп беруі тиіс.

Осы ретте, облыс, қала, аудан ЖПҚ басшылығы 23 рет жергілікті әкімдердің және 11 рет мәслихат депутаттарының, сондай-ақ 9 рет халық алдында өз есептерін берді.

31-қадамда Халықпен және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты кеңейту, оларды ішкі істер органдары қызметі туралы шынайы және уақытылы ақпараттандыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы №995 бұйрығының талаптарын іске асыру мақсатында, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің жанындағы Қоғамдық кеңесті құру туралы бұйрығы 24.02.2017 жылы бекітілді. Ал, 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің 2015 жылдың 30 қарашадағы нұсқауына байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі 2016 жылдың 16 қарашасында хаттамалық шешім қабылдап, осыған сәйкес, департаментінің жанындағы «Консультативтік-кеңесші» органдарды құру және алдағы уақытта олардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жүктелді.

Осыған байланысты Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінде «Консультативтік-кеңесші» органдар етіп қайта құрылды. «Консультативтік-кеңесші» органдардың негізгі міндеттерінің бірі, қызметінің айқындығын қамтамасыз етуде ішкі істер органдарына көмек көрсету және қолданыстағы заңнамамен белгіленген қызметтік этика нормаларын бұзған ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттері туралы жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау болып табылады.        

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: