среда, 27 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
-1oC
×

Жаңа қазақстандықтың келбеті қандай болуы керек?

БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы біраз жылдан бері еліміздегі өңірлік ассамблеялардың ішінде үздік үштікке кіреді. Бұл облыстық ассамблея басшылығы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің, этномәдени орталықтардың біріккен әрі үйлесімді жұмыстарының нәтижесі екені сөзсіз.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХV сессиясында Елбасы қоғамдық сананы жаңғырту үшін Ассамблеяның алдында тұрған нақты мақсат-міндеттерді белгілеп, басым бағыттарды айқындап бергені белгілі. Нұрсұлтан Әбішұлы сессияда рухани жаңғыруға қатысты жаңа тапсырмалар жүктеген болатын.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасына сәйкес, Ақ Жайық өңірінде де айтарлықтар іс-шаралар жүзеге асуда. Соның бірі –қайырымдылық шарасы. Бұл бағытта үйлестіру кеңесі құрып, облыс әкімі, БҚО ҚХА төрағасы Алтай Көлгіновтің бастамасымен «Мейірімді көктем» қайырымдылық айлары акциясы жүзеге асуда. Көктем маусымында басталған бұл шара жыл соңына дейін жалғасады. Акция кезінде қайырымдылық балы, мүгедек балалар салған суреттерінің аукционы ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы арбалар сыйға тартылды.

«Сананы жаңғырту дегеніміз – мемлекеттің тағдырына бей-жай қарамайтын пайым-парасаты мол, бәсекеге қабілетті, тарихты жетік білетін, болашаққа барынша қам жасай білетін жаңа қазақстандықтың келбетін қалыптастыру. Яғни бізге бойында көпшілікті біріктіре алатын қасиеті бар, ұлттық бірегейлікке негізделген мәдениетті, білімді, жауапкершілікті сезінетін, прагматикалық тұрғыдан ойлай алатын тұлға керек.

Бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі - компьютерлік сауаттылық, шет тілін меңгергендік және мәдени ашықтыққа ие болу. Бүгінгі таңда облысымызда үштілділік бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Мектеп бағдарламасына сәйкес 1-11 сынып оқушылары, яғни 94 мыңнан астам шәкірт ағылшын тілін меңгеруде. Келесі жылдан бастап өңірімізде үш тілді оқыту бағдарламасы бойынша сыныптар ашылады. Мәдени ашықтық жұмыста да, үйде де, жалпы қоғамда біздің үлгілі адам ретінде қалыптасуымызды мақсат тұтады. Ол үшін алдымызға нақты мақсат қойып, оған жету үшін еңбектене білуіміз шарт. Біз қоғамда астамшылықты емес, барды ұқыпты, тиімді пайдалана білу мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Бұл күнделікті атқаратын күрделі әрі сан-салалы жұмыс. Мемлекет басшысы атап өткендей, алға қадам бауымыз үшін ұлттың дамуына кедергі келтіретін бұрынғы элементтерден арылуымыз қажет», — деген Алтай Сейдірұлы.

Алдағы онжылдықтың ұраны - шынайылық және прагматизм. Мамандар бұл бұрын қолданған тәсілдер мен ұсынымдарға қайта қарауды міндеттейтінін айтады. Соған байланысты осындай ауқымды жұмысқа облыстық ассамблеяның этномәдени ресурстарын, оның мәдени-ағартушылық жобалары кеңінен пайдаланылу көзделуде. Сондай жобалардың бірі - этнос күнін өткізу. Облыста жыл сайын жүзеге асып келе жатқан бұл жоба өңірдегі этностардың салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен тілдерін сақтап, дамытудың жарқын мысалы бола алады. Түп негізінде азаматтардың жалпыұлттық бірегейлігін дамыту, бірлік пен келісімді қамтамасыз ету жатқан аталмыш жобаның географиясы келер жылдан бастап кеңеймекші, сонымен қатар иедеялық құрамдас бөліктерді де жетілдіру жоспарлануда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0