суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Этносаясаттағы қазақстандық модель БҚО жастарына насихатталуда

Еліміздің этносаясатында қолға алынған жаңа механизмдердің бірі – ЖОО-да Қазақстан халқы ассамблеясы (ҚХА) кафедраларын жасақтау. Сарапшылар бұл құрылым қазақстандық қоғамның даму реформасына айтарлықтай үлес қосарына сенімді.

2013 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да тұңғыш рет осындай құрылым өз қызметін бастағаны белгілі. Көп кешікпей, яғни алғашқылардың бірі болып оралдықтар да осындай жүйені іске қосты. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (БҚМУ) ҚХА кафедрасы ашылып, оған арнайы штаттық бірліктер қаралды. Таяуда бұл кафедраның ашылғанына 3 жыл толды.

«Біздің университет - Қазақстандағы ірі ЖОО-ның бірі. Мұнда түрлі конфессия мүшесі болып табылатын бірқатар этнос өкілдері оқуда. Сондай-ақ облысымыз Ресейдің бес бірдей губерниясымен шектесетіндіктен еуразиялық идеяның мәдениетаралық диалогы мен ұлтаралық келісімі университетіміздің негізгі мияссиясы болып саналады.

Кафедра құрудағы мақ­сат – әлем тарапынан мойын­далған этносаралық қарым-қа­ты­настың қазақстандық моде­лін барлық аудиторияда, түрлі мамандықтарда оқитын студенттерге насихаттау. Ғылыми-методологиялық қорды жасақтау, осы бағыттағы мемлекеттік саясатты түсіндіру. Соған орай ҚХА мүшелері, мемлекет жә­не қоғам қайраткерлері студенттерге дәріс оқуда.

Кафедрамыз ҚХА, БҚО ҚХА, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ҚХА кафедрасымен,  «Еуразия халықтарының достығы» атты Орынбор халқы ассамблеясымен, «Еуразия - Поволжье» орталығымен (Саратов қаласы), Н.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің тарих және халықаралық қатынастар институтымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Жалпы кафедрамыз мемлекетіміздің этносаясатын жүзеге асыруға жүйелі түрде үлесін қосуда», — дейді М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ректоры, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың төрағасы Асхат Иманғалиев.

Каферда жұмысына университеттің 2 ғылым докторы, 13 ғылым кадидаты, 9 магистрі мен аға оқытушылары тартылып отыр. Алдағы жылдары олардың қатарын көбейту жоспарда бар.

Ресей Федерациясының Орал қаласындағы бас консулі Саид Забитовтың пікірінше, Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық татулыққа жете мән берілген. Бұл бағытта түрлі институттар мен құрылымдар құрылып, табысты жұмыс істеуде. Солардың бірі әрі бірегейі – ҚХА. Ассамблея қызметі әлемдік қауымдастық тарапынан оң бағасын алды. Соның ішінде 50 елді біріктіріп отырған Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы тарапынан да қолдау тапты. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ішінде қазақстандықтардың болашаққа деген сенімін қалыптастыруына, ұлтаралық келісімнің нығаюына көп үлесін қосты. ҚХА кафедраларының да бұл істі одан әрі жетілдіріп, қазақстандық қоғамның даму реформасына айтарлықтай үлесін қосарына үміт зор.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0