суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-5oC
×

Еңбек адамының өмірлік жолынан тәлім алу «Мәңгілік ел» партиоттық актісінің негізгі тұғыры

«Мәңгілік ел» ― Қазақстанның азаматтары білімімен, ақыл-парасатымен, ұйымдастыруышылық, іскерлік қарым-қабілетімен және ең бастысы адамдарға деген қайырымдылығымен ерекшеленуі тиіс. Бұл бағытта мемлекет және қоғам қайраткері, ҰОС ардагері Бисен Жұмағалиевтен көпшілік, әсіресе жастар үлгі алулары керек, деп хабарлайды NewTimes.kz.

21 желтоқсан күні Оралда М.Мәметова атындағы мемориалдық музейінде Бисен Жұмағалиевтің 95 жылдығына орай өткен еске алу кешінде соғыс және еңбек ардагері Иван Гапич былай деді:

Бисен Жұмағалиұлы қызметін атқарған уақытында түрлі мәселеге қатысты объективті түрде шешім қабылдайтын. Сол үшін де оны көпшілік айырықша сыйлайтын. Адалдық, тазалық, бастаған ісін соңына дейін жеткізу оның өмірлік және кәсіби қағидасына айналды. Осынау ұстанымдары оның мәртебесін көтерді, биіктерге шығарды. Елбасымыз «Мәңгілік ел» партиоттық актісінде айтқандай, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды Бисен Жұмағалиұлы сынды азаматтардың өмірлік жолынан тәлім алу арқылы нығайтатынымыз анық.

«Ер есімі – ел есінде» деп аталатын шараға келген Бисен ағамыздың жолдастары, әріптестері, соғыс және еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері және қызы Баян Бисенқызы арнайы жабдықталған көрмені және таяуда жарық көрген Б.Жұмағалиевтың «Жайсаңдар жайлы толғаныс» атты кітабын тамашалады.

Аталмыш музей директоры Светлана Бектенованың айтуынша, оралдықтар мен қала қонақтары Бисен Жұмағалиұлына арналған көрмені 21 желтоқсаннан бастап келер жылдың 22 қаңтарына дейін тамашалауларына болады. Жалпы осы уақыт аралығында мұнда оқушылар, студенттер, әскери қызметкерлер үшін патриоттық бағытта арнайы шаралар өткізілмекші. Көрмеге негізінен ол кісінің жауынгерлік ерлігін бейнелейтін заттар қойылған.

«Мұражайымыздың жасақталғанына 35 жыл толды. Соның 33 жылында, яғни Бисен ағамыз өмірден озғанша, ол кісімен арадағы байланыс үзілген жоқ. Ол кісі және өзге де ардагер ағаларымыз біздің мұражайды Орал өңіріндегі соғыс штабы ретінде есептейтін. Түрлі шараларымыздан, әсіресе ерлік сабақтарынан қалмауға тырысатын еді. Ленинград шайқасына қатысушы ретінде естеліктерін, тағылымды әңгімелерін айтатын. Біз де оны асыға күтетінбіз. Қызметкеріміздің бәрі ерекше құрмет тұтатын. Себебі, ол кісі өзін қарапайым ұстайтын еді. Бәрімен де терезесі тең адамдай сөйлеседі. Қазір ол кісінің орны ойсырап тұр. Қазақстандықтар, соның ішінде жерлестері Бисен Жұмағалиұлын ешқашан ұмытпайтынына сенімдімін»,― деді Светлана Саржанқызы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0