+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
24.08.2018 в 11:46

Қызылордада «100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымы өтті

«100 жаңа оқулық: заманауи мемлекеттік басқару жүйесі және стратегиялық жоспарлау» TALKS форматындағы кездесу барысында үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударудағы жобаның артықшылықтары айтылды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Қызылордада «100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымы өтті Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры мен жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кездесудің ашылуында сөз алып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа  оқулық» жобасының қазақстандық студенттердің білім сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

«Жаһандану заманында әрбір ұлттың өзін-өзі тануға ұмтылуы ― заңдылық. Осы ретте мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы еліміз үшін рухани сілкініс жасаған тың бастама болды. Осы мақсатта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қызылорда облысында іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес Сыр өңірінде 600-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылып, бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бәсекелік қабілетін арттыру, ақпараттық және сандық технологияларды игеру, заман талабына сай зияткер ұрпақ тәрбиелеу ― біздің негізгі міндетіміз», ― деді аймақ басшысы.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа  оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылып жатқан оқулықтар туралы «Ұлттық аударма бюросының» директоры, Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы баяндама жасап, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Барлық оқулықтарды «Қазақстанның ашық университеті» ― openu.kz порталынан таба аласыздар. Бұдан басқа, біз қазақ және орыс тілдеріндегі әрбір оқулықтың онлайн дәрістерін осы кітаптардың мазмұнына қол жеткізудің тағы бір үлгісі ретінде енгізуді жоспарлап отырмыз. Дәрістің мәтіндерін тыңдап әрі конспект түрінде оқуға мүмкіндік болады», ― деді Рауан Кенжеханұлы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тағы да 30 оқулықты аудару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасының аясында әлемдегі үздік 18 оқу құралы қазақ тіліне аударылды.

Философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, бизнес, дінтану, лингвистика, мәдениет, антропология және журналистика пәндері бойынша оқулықтар 110 қазақстандық жоғары оқу орнының кітапханасына жіберілді. Солардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасы да бар.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика