среда, 5 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-8oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қызылорда облысының тұрғындары электронды сауданы меңгеріп келеді

Электронды сауда – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты. Бүгінде Қызылорда облысының аудандары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталуда. Өңірде онлайн-сауданың ауқымы кеңейіп келеді. 2005 жылдары енген интернет сауданың тұтынушылар саны артып, экономикаға оң әсерін тигізе бастады.

Фото abai.kz сайтынан алынды
Фото abai.kz сайтынан алынды

Жалпы электронды сауданың дамыған түрлеріне әуе билеттерінің электронды сатылымы, мобилді байланыс қызметтерінің төлемі (интернет-банкингтар арқылы), коммуналды төлемдерді төлеу (интернет-банкингтар арқылы), теміржол билеттерінің электронды сатылымын, т.б. жатқызуға болады. Қолданушы үшін ыңғайлы, түсінікті бағдарламалардың жасалуы – электронды сауданың дамуына жол ашады. Екінші тұрғыдан халықтың уақытын үнемдеп, ұзынсонар кезекті көп көрмейтін боламыз

Жаңақорған тұрғындары қалалықтардан кем қалмай, электронды сауданы меңгеріп отыр. Елдің әр аймағындағы брендтік дүкендерден электронды сауда арқылы киім және аяқ киім, тұрмыстық техника, қолөнер бұйымдары, косметика сатып алу біртіндеп дамып келеді. Мерекелер мен туған күн кештеріне тәтті дәмділерге интернетпен тапсырыс беру үрдіске айналуда. Осындай тәттілерімен Жанақорған халқының алғысын алып жүрген Жазира өз ісін сүйіп те үлгерді.

«Мен өзімнің жан құрбым Бекзададан уйреніп тәттілерді пісіруді он жыл бұрын бастағанмын. Уақыт өте қызығушылығым артып, әлеуметтік желілерден қарап қайта пісіре бастадым, әрине бірінші жолдасымның қолдауымен қажетті құрал-жабдықтарымды алдым. Кондитерлік өнімдерді пісіріп кәсіп еткеніме алты айдан астам уакыт болды. Өзім мұғалім, бес баланың анасымын, қазіргі уақытта бала күтімімен отырмын, үйде қол қусырып отырмай балаларымның көмегімен осы кәсіпті жаныма серік етіп жүрмін. Аллаға шүкір тапсырыс артып келеді, тұтынушыларымнан әрдайым алғыс естіп келемін, бұл мен үшін жетістік», – деді Жазира.

Қолөнер бұйымдары қай заманда болмасын әйел затына көрік берері анық. Казірде aksaule_handmade деген есіммен танылып келе жатқан қолөнерші Ақсауле де электронды саудамен айналысып келеді.

«Қолөнер бұйымдарына деген қызығушылығым 2013 жылдары студент кезімнен басталды. Уақытымды тиімді өткізіп жатақханадағы құрбыларыма есімдері жазылған білезіктер,тастармен безендірілген ободоктар, түрлі әшекей бұйымдарын жасап бизнес көзіне айналдыра бастадым. Қазіргі уақытта жасаған бұйымдарымды интернет арқылы басқа қалаларға да сатып кәсіп етіп жүрмін. Тек әшекей бұйымдармен шектелмей балаларға есімі жазылған бас киімдер, қалыңдық гүлдері, мұсылман заттарын тігуге де тапсырыстар қабылдап шеберлігімді шыңдап келемін. Мен шабытты жасаған бұйымымды тапсырыс иесіне жеткізіп, олардың алғысын аламын. Әрине бұл менің алты жылдық еңбегімнің жемісі деп білемін», – дейді қолөнерші.

Байқағанымыздай, интернет – казіргі сауданың көркін келтіріп қана қоймай кемел елдердің қатарына кірігуімізге игілікті бір қадам болып отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0