четверг, 6 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-9oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін республикалық байқау Қызылорда облысына да келіп жетті

Қызылорда облысында 2733 оқушы «Тұлпар мініп, ту алған!» танымдық байқауына қатысады. Бұлл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Мәди Бекмағанбетов жария етті.

Бүгін жобаның аймақтағы штаб жетекшісі Дәурен Омаров республикалық деңгейде өтетін «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының басталғанын хабарлаған болатын.

«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылуда.

«Өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу – басты мақсатымыз», — дейді ұйымдастырушылар.

«Байқауда 6-10 сынып оқушылары 132 беттен 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді»,— деп атап өтті Мәди Бауыржанұлы.

Жалпы сайысқа қатысуға республика бойынша 5621 мектептен 51 328 оқушы, 23 138 мұғалім тіркелген. Ал, Қызылорда облысы бойынша 2733 оқушы қатысады. Оқушыларды 1376 мұғалім дайындайды. Атап айтқанда, Арал ауданы бойынша 450 оқушы, Қазалы ауданы бойынша 363 оқушы, Қармақшы ауданы бойынша 304 оқушы, Жалағаш ауданы бойынша 195 оқушы, Сырдария ауданы бойынша 170 оқушы, Шиелі ауданы бойынша 333 оқушы, Жаңақорған ауданы бойынша 408 оқушы, Қызылорда қаласы бойынша 510 оқушы бақ сынамақ.

Айта кетейік, байқау 3 кезеңді қамтиды. Аудандық кезең 16-26 қыркүйек күндері, облыстық кезең 2 қазан күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткізіледі. Ал, ақтық мәре, яғни республикалық «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирі арқылы онлайн өтеді.

Жыр жаттаған оқушыларға жүлде қоры қомақты. Аудандық кезеңде І орын алған оқушы 150 000 теңге, облыстық кезеңде І орын иеленген оқушы 1 000 000 теңге қаржылай сыйақы алмақ. Оқушыларды даярлаған мұғалімдер де қомақты қаржылай қолдауға ие болады. Облыстық кезеңде 1-ші орын алған оқушының ұстазы 2 млн теңге сыйақымен марапатталады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0