пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

«Соңғы кезде оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығы артып келеді» — жаттықтырушы Бекзат Аманов

Наурызда қазақстандық оқушылары Үндістандағы робототехника жарысында жоғары үш бірдей марапатқа ие болды. Бұл нәтиже — үлкен жұмыстың қортындысы. Жарысқа 5 елден 70 команда жиналды, яғни бәсекелестік мықты болды. Осындай дәрежеге балалар қалай жетті? Халықаралық турнир несімен қызық болды? Сол туралы бол туралы біз балалардың робототехникадан жаттықтырушы Бекзат Амановпен әңгімелестік, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: Бекзат Аманов
Фото: Бекзат Аманов

— First Tech CHALLENGE India Championship 2023 жарысына Қазаөстаннан неше оқушы қатысты?

— First Tech Challenge India Championship 2023 жарысына жалпы 13 оқушы қатысты. Оның 12 оқушысы № 81 мектеп — гимназиясының оқушылары, ал 1 оқушы № 148 мектеп — гимназиясының оқушысы. Оқушылар іріктеу матчтарында жеңіліссіз өнер көрсетіп, үш жоғары марапатқа ие болды.

— Балалардың жарыста көрсеткен нәтижелері туралы не айталасыз?

— Негізінде осы робототехника жарысында тек қана роботтардың жарысы ғана емес, роботтың қалай жасалуы, роботты жасау барысындағы инновациялық ойлары, алған тәжірибелері, робот жасау барысындағы дамуы, робот жасау барысында физика, химия, IT және тағы сол сияқты білімдерін қолдана алуы және баланың адамгершілік қабілеттері де ескеріледі және бағаланады. Сіз айтып отырғандай, біздің оқушылар іріктеу кезеңіндегі сайыстарда ғана жеңіске жетіп қоймай, жоғарыда айтылған басқа да бағыттар бойынша жоғары деңгейде өз-өздерін көрсете алды.

— Балалар сайысқа қалай дайындалды?

— Нақты осы жарысқа оқушылар дайындықты қазан айынан бастады. Осы айдан бері Индияда өткен жарысқа дейін оқушылар СДУ-да өткен Алматы және Алматы облысының іріктеу кезеңіне, одан кейін Астана қаласында өткен Белорда және Орта Азия кезеңдеріне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті және осы Индияда өтетін жарысқа жолдама алды және әрбір кезеңінде оқушылар жарысқа қажетті робототехника бөліміне (инженерлік, 3D жобалау, бағдарламалау) салаларының біреуіне аса назар аударып, сол бағытта білімдерін шыңдады.

— Жарыстағы бәсекелестік туралы айта кетсек - қай елдердің командалары өзін мықты жағынан көрсетті?

— Жарысқа Румыния, Израиль, Индия, Ресей елдерінің мықты командалары қатысты. Жарысқа қатысқан командалардың көпшілігі мықты болғандықтан, жарыс тартысқа толы болды. Бізге ерекше бақталастық тудырған команда әлемнің үш дүркін чемпиондары болған Румыния мемлекетінің командалары. Осы жарыстың тапсырмаларын екі бөлімге бөліп қарастыруға болады.

1- бөлім. Роботтар жарысы. Осы роботтар жарысы екі кезеңнен тұрады. Бірінші, роботтың автономды кезеңі. Бұл кезеңде робот өздігінен берілген тапсырмаларды орындауы қажет. Екінші кезеңде роботты адам басқару арқылы тапсырмаларды орындайды. 2- бөлім. Осы жарысқа берілген тапсырмаларға байланысты 2 құжат дайындау керек болатын. Бірінші құжат ол портфолио. Бұл құжатта команданың барлық істеген іс-әрекеті қысқа әрі нұсқа жазылуы керек және 15 беттен аспауы керек. Ал екінші құжат ол инженерлік кітап деп аталады. Бұл кітапқа оқушылар осы жарысқа жасаған алты түрлі роботтарын салды. Кітап 150 бет болды. Оқушылар жарыс кезінде өздеріне берілген тапсырмаларды аса ұқыптылықпен және жоғары деңгейде атқарды және басқа мемлекеттің командаларына да көмектесті.

— Негізе балалар үшін робототехника сабақтары қандай де бір қабілеттерді дамуға көмектеседі?

—  Жоғарыда айтылғандай, оқушылар робототехника сабағында 3D жобалау, бағдарламалау, электроника білімдерін үйреніп қана қоймай басқа да физика, химия, информатика, математика, геометрия және тағы басқа да сабақтарда алған білімдерін өмірмен ұштастыруға үйренеді. Роботтағы ең маңызды мәселе әрбір робот бөлшегін миллиметр дәлдікпен қою керек болғандықтан оқушылар кез-келген алға қойған жоспарларын аса ұқыптылық және дәлдікпен жоспарлауға және жобалауға үйренеді.

— Бүгінгі таңда Қазақстанда робототехникаға қызығушылық танытатын балалардын саны көп пе?

— Соңғы уақыттарда оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығы артып келеді. Жылдан жылға робототехникаға қатысқысы келетін оқушылар саны артып келгенімен, менің ойымша, робототехникаға қажетті бөлшектердің бағасы қымбат болғандықтан және мамандар санының аз болғандығынан оқушылардың осы сұранысын көп мектептер қамтамасыз ете алмайды деп ойлаймын.

— Үндістандағы жарыс балаларда қандай әсер қалдырды?

— Оқушылар Индияда болған жарыстан үлкен тәжірибе, мотивация алды және өздеріне деген сенімділігі артты. Оқушылар команда ретінде жақсы жұмыс жасап, әр оқушы өзінің қабілетіне сай тапсырмаларды бөлісіп, бір-біріне толық сеніммен арқа сүйей алатындығын көрді.

— USTEM robotics мектебі туралы айтып беріңізші.

— Осы мектеп First бағдарламасының Қазақстандағы, Өзбекстандағы және Қырғызстандағы операторы болып табылады. USTEM robotics мектебі мақтауға тұрарлық мектеп, себебі олар әр ісіне өте ұқыптылықпен және байыптылықпен қарайды. USTEM robotics басқаруымен Астанада өткен робототехникадан Орта Азия чемпионатының Индияда өткен чемпионатқа қарағанда ұйымдастыру деңгейі өте жоғары болды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0