Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған «О теңге» акциясын Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасы одан әрі жалғастырды.
Акция Түлкібасаудандық «Жастар орталығы» мекемесімен бірлесе Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі студенттерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. Студент жастарға «Сенің құның 0 теңге» парақшалары таратылды.
Бұл бастама Департамент басшылығының аудан тұрғындарымен «Ашықесіккүні» аясында өткізілген семинар-кеңестерде түскен ұсыныс-пікірлер негізінде жасалды.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер.
Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Уголовный Кодекс РК_каз және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.
Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.
Жемқорлық заң бұзушылық фактілер болған жағдайда азаматтар мемлекетке 1494 тегін call-центр арқылы хабарлай алады. Жемқорлық заң бұзу фактілерін хабарлаған, немесе қандайда болмасын басқа әдіспен мемлекетке жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғалар 30 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін мөлшерде материалды ынталандырылатын болады.
Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады.
Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.