2015 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен түрде «Бизнестің дамуы – елдің дамуы» аттытақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесті Департамент басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы Б.А.Бекжанов жүргізді.
–Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерліктің дамуында әкімшілік кедергілерді төмендету, оның ішінде мемлекеттік органдардың заңсыз қысымы мен сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады,-деді Берік Айдарбекұлы.
Жиналысқа кәсіпкерлер мен бірқатар мемлекеттік органдары басшылары, соның ішінде жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы саласына жетекшілік жасайтын орынбасарлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұру, оның ішінде кәсіпкерлікті және индустриалдық-инновациялық даму, бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту және жүйелі кедергілерді анықтау жайлы бірқатар баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін заңсыз тексеруге жол бермеу жөніндегі шараларын қабылдау бойынша күн тәртібіндегі негізгі мәселелер ретінде қаралды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бірлесе жұмыс жүргізу жөнінде ұсыныс, ой-пікірлер айтылып, жиналыс қорытындыланды.
Жиында кәсіпкерлікке қатысты департаментт еқаралған істер сараланып, оны жоюдың жолдары қарастырылды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде пікірлерін ортаға салды.