Ұлы даланы мекендеген ұлан байтақ еліміздің қашан да тілі мен дәстүрі, мәдениеті, тарихы мен тағдыры бір болған. Мұны кешегі тарих пен бүгінгі кемел күніміз дәлелдеп беріп отыр.
Сан ғасырлардан бері қаншама тарихи қиын-қыстау заманды басынан өткерген халқымыздың дәстүрін тұтастай етіп ұстап, өзге ұлттар мен ұлыстарды өзінің бауырына сыйдыра алды. Бүгінде біз әлем бойынша көпұлтты мемлекеттердің қатарына кіреміз. Демек те, біздің елімізде ұлт араздығы мен діни кикілжіңдер орын алған емес. Себебі, біздің көпұлтты мемлекет болуымыз біздің бөлшектенуімізге емес, бірігуімізге, жарқын да айқын болашағымызға қызмет жасауға бағытталған бағдарға сүйенеді. Бұл еліміз бен Елбасымыздың дін саласындағы дұрыс бағытының, сарабдал саясатының жемісі.
Біздің мемлекетіміздің дін саласындағы ұстанған негізгі ұстанымдарының бірі конфессияаралық қарым-қатынас. Біз осы бағытты негізге ала отырып, Тәуелсіз еліміздің іргесін одан әрі нығайтарымыз хақ. Біз барлық діндердің тең құқығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз.
Сырт елдерді діни тұрақсыздықтың кесірінен болып жатқан келеңсіздіктерге қарап, ел дамуының бірден-бір кепілі ол діни конфессияаралыұ татулық екенін түсінуге болады. Шынында мемлекет дінсіз болмайды. Себебі, қандай да бір мемлекетті құрушы ұлттың және сол мемлекетте тұрып жатқан басқа да ұлттың ұлттық бет-бейнесі ұстанған дінінен, тілінен, салт-дәстүрінен көрініс табатыны шындық. Соның ішінде, діни конфессияаралық тұрақтылықтың болуы өте қажет. Бұл жағынан біздің еліміз жақсы жағдайда деуге болады.
Әрбір халық үшін азат мемлекет, егеменді ел болудан артық құндылық болмас сәрі?! Ал, сол тәуелсіз мемлекет үшін Тәңірінің тыныштығы мен бейбітшілігінен асқан бақыт жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Баға жетпес байлығымыз – бабаларымыздың өсиет болып қалған, халқымызға қасиетболып қонған ьақыт-бірлігіміздің нығая түсуіне, ынтымақ-бірлікке шақыру мақсатында қосар үлесі зор деп білемін.
М.Сағынтаева,
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ
дінтанушы-маманы