воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-11oC
×

Имам Ағзам мазһабынан басқа адасқан діни ағымдардың жолы қараңғы — дінтанушы

Ислам діні тарих сахнасына көтерілгеннен бері ғылым, білім мен өркениеттің сарқылмас кәусар бұлағы екендігін әлем мойындауда. Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне 12 – ғасырдан аса уақыт өтті. Содан бері халқымыз атақты ислам ғұламасы, фиқһтың (мұсылман заңы) білгірі Нұғман ибн Сабит (р.а) Ирактың Куфа қаласында дүниеге келген. Азан шақырылып қойылған аты ән – Нұғман болғанымен халық оны Әбу Ханифа немесе Имам Ағзам деп атайтын. Өйткені ислам әдебі бойынша үлкен ғалым адамдардың аттарын атамай оларға хазірет, ұстаз сияқты сөздермен тілге алынған. Ғалымдардың айтуы бойынша Ханифа мазһабтың сипаты болып ол «хақ, ту» деген мағынаны білдіреді.

«Әбу» сөзі әке мағынасында ғана емес, сонымен қатар, «иесі, басшысы, жетекшісі» деген балама мағыналары да бар. Сонда «Әбу Ханифа» деген сөздің мағынасы «хақ жолдың бастаушысы, тура жолдың жетекшісі» дегенге саяды. Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар болмады. Өйткені Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін айтып дер кезінде алауыздықтың алдын ала білді. Уақыт өте келе мұсылмандардың саны көбейіп жаңа мәселелер туындай бастады. Өйткені өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамып отырады. Бұндай жағдайда сахабалар өз білімдеріне сүйеніп шариғат шеңберінде ол мәселелерді шешіп отырды. Мысалы Әбу Бәкір (р.а.) өзінің халифалық кезінде бір мәселеге байланысты шешім шығарар алдында Құран аяттарына сүйенген. Олар мәселенің жауабын аяттардан таба алмаған жағдайда хадистерден іздеген ол жерден де таба алмаса білімді де беделді сахабалардың басын қосып олармен сол мәселелер туралы кеңесіп ойларын тыңдап, содан кейін ғана шешім қабылдайтын. Сахабалардың кезінде түрлі діни көзқарастар пайда болды. Соның салдарынан исламды әр түрлі талдайтын мазһабтар көбейді. Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша Құран аяттарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу арқылы шариғатты дамытып жалған мектептерге қарсы күресуші олардың қателіктерін паш етуші Имам Ағзам Әбу Ханифа (699-767ж), Имам Малик (717-795ж), Имам Шафиғи (767-820ж), Ахмад ибн Ханбал (780-855ж) секілді ислам ғұламаларының мазһабтары дүниеге келді. Бұлар ислам әлемінде ресми мазһаб саналып 1300 жылдан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын жүргізуде. Ол мазһаб иелерінің әр қайсысы білгір мүждаһид ғалымдар еді. Солардың біріне мойынсұну арқылы осы заманға дейінгі әртүрлі қайшылықтардың алды алынып келеді. Сондықтан бұл төрт мазһабтың бірін ұстану қазіргі заман талабы. Өйткені олар Құран Кәрім мен сүннет жолына лайық болғандықтан «әхлу - суннә уәл – жамаға» яғни Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннет жолын ұстанып көпшіліктен бөлінбей бірлік ынтымақты жақтаушы қауым мазһабтары атанды. Мазһабтардағы айырмашылықтар тек абзал және дұрыс деген сөзде ғана. Яғни біз өз мазһабымызды абзал санаймыз да ал қалған үш мазһабты дұрыс деп білеміз. Тек біздің мазһаб дұрыс қалған үшеуі бұрыс деу адасушылық болып есептелінеді. Соның ішінде біздің Ханафи мазһабымыз тұла бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай.

Бұл күндері әлем халқының төрттен бірі мұсылман болса солардың 48% осы мазһабта. Әбу Ханифа мазһабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен ерекшеленеді. Біздің жартылай көшпелі халқымыздың бұл мазһабты қабылдауының тағы бір себебі өз дүние танымы, болмысы мен діліне оның тонның ішкі бауындай жақындығында. Белгілі мәселеден пәтуа шығаратын адам мыңдаған хадистерді барлық Құран аяттарына мұқият көз жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса сол мәселедегі сахабалардың айтқан сөздері мен берген пәтуаларын әрі кейінгі келген мұждахид ғұламалармен ғалымдардың көзқарастарын және жергілікті халықтың менталитетімен жағдайын жақсы білуі қажет. Бұларды кез келген қарапайым адам тереңінен талдап аражігін ажыратып шариғи үкім шығара алмайтындықтан Әбу Ханифа сияқты Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық – қисын, фиқһ негіздерін т.б. ислами ілімдерді жетік білген мүждаһидтің шығарған үкімдерімен жүруге мұқтаж. Өз бетінше әрекет етушілер тура жолдан адасады. Сондықтан қазіргі басты мақсат халқымыздың имандылығын рухани деңгейін өсіру үшін адамгершілікке тән қасиеттерге жетелейтін әділдікті, шындықты, адалдықты уағыздайтын елін, халқын сүюге тәрбиелейтін басқа ұлт, басқа діндерге құрметпен қарайтын ең жақсы әдет – ғұрыптарды уағыздайтын ислам дінінің құндылықтарын сауаттылықпен әрі парасаттылықпен насихаттау. Күні кешегі атеистік идеологияның уытынан айыға алмаған бүгінгі қоғамда діни сауаттылықпен танымның жеткіліксіздігінен түрлі ағымдар мен топтар жетегінде кеткен түрлі қандастарымыздың аузынан: Әбу Ханифа мазһабын ұстанудың қажеті қанша деген сауал ішінара болса да естіліп қалады. Бұл сауалды қоюшыларға ең алдымен Әбу Ханифа мазһабының ерекшеліктерімен мән маңызын зерделеуге кеңес берер едік. Екіншіден бұл құқықтық мектепті ата – бабаларымыз неліктен ұстанған деп оның өмірімізбен қоғамдағы алар орны мен рөлін бағамдау керек. Ислам діні қазақ даласына алғаш келгеннен бастап Әбу Насыр әл – Фараби , Ибн Сина, Бұқар жырау, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды текті бабаларымыздың барлығы да осы жолды – Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанған. Бірлік пен ынтымақ әрбір мұсылман үшін аса қымбат. Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін халқымыздың діни бірлігі мен рухани ынтымағын сақтап күшейту ушін Әбу Ханифа мазһабы қажет-ақ. Дін жолында қателесу ауызбіршіліктің әлсіреуіне әкелері хақ. Сондай-ақ, қазіргі таңда мұсылмандық шарттарын тым ауырлатып түсіндіріп, ұлттық салт – санамызға қайшы ретінде танытып жүрген жастар да жоқ емес. Мұндай діни қателіктерді қазірден түзеп, түсіндіріп қолға алуымыз маңызды міндет. Сондықтан, дінге бетбұрған жастар исламдық шарттарын сырттан емес арнайы мешіт, медреселерден үйренгені абзал.

О.Алишев, дінтанушы

Шымкент қалалық «Тойшыбек» мешітінің ұстазы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0