суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-7oC
×

Артемий шаяндары мекендейтін Қызылқақ көлі төлқұжаттаудан өтеді

Павлодар облысында артемий шаяндары мекендейтін Қызылқақ көлі жылдың соңына дейін төлқұжаттаудан өтеді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттіктің тілшісі.

Бұл туралы бүгін «Ертіс» өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Қадылжан Сәтиев мәлім етті.

«Облыс аумағында бағалы шаяндар бар 29 тұзды көлдің 16-сы табиғат пайдаланушыларына тіркелген. Ал қалғаны, иесіз тұр. Көлдерден артемий шаяндарын аулауға рұқсат алу үшін ең алдымен  төлқұжаттардан өту керек. Кейін конкурс жарияланып, кәсіпкер осы жерде бір жыл уақыт бойы заңды түрде шаяндарды ұстай алады. Бұған дейін көлде шамамен қанша шаян бар және оны қандай мөлшерде аулауға болатынын шешетін ғылыми тексеріс жүргізіледі. Бүгінгі күні облыста 140 суат анықталды, оның 30-ы жылдың соңына дейін құжаттаудан өтуі тиіс. Соның ішінде Қызылқақ көлі бар. Сондықтан, тиісті құжаттар қолға түскен соң, Қызылқақ көлі табиғат пайдаланушыларға беріліп, сол жерде заңды түрде артемий шаяндарын ұстауға болады. Бүгінгі күні артемий шаяндарына мемлекеттің қойған бағасы бар. Оның бір келісі 95 теңгені құрайды. Бұл - өзеннен шыққан  шаяндардың құны. Ал, оны кейін өндіріп, тазарту керек. Сондықтан оның соңғы бағасын тауар өндіруші қояды», ― деді Қадылжан Сәтиев. 

Өз кезегінде С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Александр Убаський  жәндіктердің бағасын журналистер асыра сілтеп, шарықтатып қойғанын атап өтті.

«90-шы жылдардың басында кәсіпкерлер артемий шаяндарын заңды түрде аулап жүрді. Олар жергілікті тұрғындарды жұмысқа алған және ол кезде броконьерлік деген болған жоқ. Бірақ  «Версия» газетінде «Алтын жұмыртқа» атты мақала шыққан болатын. Онда газет тілшісі артемий  шаяндарының өте қымбат екенін жазған. Сол жылдары көлдердің жағалауында 200-300 адам жиналып заңсыз шаяндарды аулай бастаған. Осылайша, қазіргі күнге дейін оның қандай бағалы екенін жұртқа айтып, басқа табыс көзі жоқ оларды шаяндарды ұстауға итермелеп жатырсыздар», ― деді ғалым.

Әзірге артемий шаяндарының соңғы нүктесіне жеткен кездегі құны қалай болатыны белгісіз. Десе де, халық арасында артемий  бір қап шаяндарының құны 100 мың теңгеге дейін жететіні айтылуда.

Жалпы Павлодар облысының аумағында 1200-ге тарта көл бар. Олардың 800-ден астамы ― тұзды көлдер.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0