воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Жергілікті полиция мал ұрлығын азайта алама ма?

Ұлт Жоспарының 30-қадамына, яғни жергілікті полиция қызметін құруға байланысты биыл Батыс Қазақстан облысында да аталмыш құрылым өз жұмысын бастады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережесін бақылау, тұрмыстық қылмыстар мәселесі жаңадан құрылған органның құзыретіне берілді. Жыл басынан бері, нақтылап айтанда өткен тоғыз ай ішінде БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі тарапынан 108 мыңдай әкімшілік құқықбұзушылықтың, 2 мыңға жуық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  жолы кесілді. Тұрғындардан келіп түскен 25 мыңдай арыз-шағым қаралып, тиісті шаралар қабылдады. Кез-келген құқық­бұзушылыққа мүлдем төзбеуші­лік қағидаты шең­берінде 49 мыңдай әкімшілік-құқықбұзушылық дерегі анықталды. Жергілікті полициямен 610 млн. теңгедей әкімшілік айыппұл салынып, оның елу жеті пайызы өндірілді.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, олар облыс тұрғындарымен жиі кездесулер өткізіп жүр. Полиция қызметкерлері  осы жиындарда көтерілген мәселелерге, яғни қоғамдық тәртіп, тазалық, базар айналысындағы заңсыз сауда, ауылдық жерлердегі мал ұрлығы мен бұзақылыққа қатысты ұсыныстарға сәйкес, құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидаты бойынша жұмыстануда. Сондай-ақ интернет порталда қылмыстық құқықбұзушылық картасы жасалды. Бұл карта жасалған қылмыстардың саны мен сипатына байланысты әр күн сайын жаңарып отырады. Осыған орай құқықбұзушылық көп тіркелген жерлерге қосымша бейнебақылау камералары орнатылып, өзге де тиісті шаралар қабылдануда.

Мал ұрлығы ауылдағы ағайынның «бас ауруына» айналғалы қашан. Манарбек Ғабдуллин облыстағы кейбір ауылдарда мұндай қылмысты алдын алу бағытында жақсы шаралар алынып жатқанын жеткізді. Мәселен, Қазталов ауданындағы Көмекші ауылының тұрғындары мал ұрлығы мен төрт түліктің жоғалуын болдырмай отыр. Оған көмекшіліктердің ауылдарында құрылған ауылдық тұтыну кооперативіне (АТК) мүше болып енуі себеп болған. Сөйтіп тұрғындар иелігіндегі 900 бас малды АТК бақташыларына сеніп тапсырған. Сырым ауданының Көгеріс ауылында да осындай жағдай. Бұрындары осы ауылда 20 шақты мал қолды болса, қазіргі кезде ұрлық дерегі тіркелген жоқ. Соған орай жергілікті полиция аудан әкімдерімен бірігіп бұл оң тәжірибені кеңінен таратпақ ниетте.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: