понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Білім іздеп Бұқар бардым» немесе діни білімді қайдан алған дұрыс?

Білім алу қай заманда болмасын болашағын ойлаған адамның басты – мақсаттарының бірі екені даусыз. Ойлаған армандар, межелеген мақсаттар осы алған біліміңнің арқасында орындалып, шындыққа айналатыны сөзсіз.

Бұл хақында Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар «Қытайға барсаң да білім ал» деп үмметіне өсиет қалдырып, хакім Абай «малыңды сат, жаныңды сат білім ал» деп даналық айтса керек.

Бүгінде зайырлы Қазақ елінде Тәуелсіздік алғалы талай білім ордалары құрылып, салалық мамандықтар көбейе түсті. Солардың бірі қазіргі қоғам үшін ең өзектісінің бірі - діни білім алу мәселесі. Бұл мәселенің өзекті болып отырған жөні бар қазіргі таңда. Тоқсаныншы жылдары сенім-наным бостандығы тар құрсаудан шығып, еркіндік берілген кезде жастардың алдыңғы легі діни білім аламыз деп Түркия мен араб елдеріне бел аса бастады. Бұған алғашында елдің қуанғаны да рас. Бертін келе білім аламын деп шетел асқан жастардың көпшілігі діттеген оқу орындарына түсе алмай, әлем мойындаған «Әл-Асқардай» университеттер арманға айналып, Ислам ғалымдары қолдамаған жоғары немесе арнаулы оқу орындарынан табылып жатты. Кейбір оқу орындары төмен балл алып, елге оралуды «ұят санап» жүрген абутуриенттерді өз қатарларына дер кезінде тарта біліп, материалдық, «рухани» демеу бере білді. Ол жерлерде жастардың қандай, кімнен білім алғандары 2000 жылдары сезіле бастады. Бірі «хизбутшы», бірі «сопы», енді бірі «құраниттер» болып шыға келді. Қазір енді олар бір елде, бір дінді оқыса да, бірнеше ағымның сойылын соғып жүр. Ал енді сол «діндар» азаматтардың кейбіреулері аяғын тәй-тәй басып, экономикалық іргетасын қалап, ата-салты мен әдеп-ғұрпын жаңғыртып келе жатқан мемлекетімізді даму даңғылынан тайдырғысы келеді. Неге? Неліктен? Өйткені олардың басым бөлігі, ислам дінінің қайнар көзінен білім алдық деген оймен, мәсхаб мәселесін ұмытып, ислам ойшылдары мен ұлық имамдарды адасқан деген ұстанымдағы мектептерді өкілдерінен білім алған. Алып та келеді. Ханафи, Малики, Шафиғи, Ханбали мәзхабтарын теріске айналдырып, өздерін сәләфилерміз дейді. Сөйтіп, дәстүр мен ұлттық құндылықтарды аяқасты етіп, уахабизмнің негізгі идеологтары Ибн Баз, Ибн Ханбал, Ибн Таймия секілді «ғұламалардан» және солардың «шәкірттерінен» өзгелерді тыңдамайды да. Бірінші кезекте тіс қаққан «діндарлар» өз «шәкірттерінің» санасын улап, олдан соң оларды ешкімге құлақ аспайтын халге жеткізеді. Сонан соң қанша тырысып бақсаңыз да оның дәстүрлі ортаға оралуы қиынға соғады. Мұны қазіргі дін саласында жүрген тәжрибелі теологтардың өздері мысал етіп айтып та жүр. Ал, олардан тәлім алған «үздік шәкірттер» ораторлық мектептің бар техгологиясын меңгеріп, «дистанцияонный» оқыту жүйесін қалыптастырып та қойды. ешқайда бармай-ақ, кеше ғана жүрген жас жігіт әлеуметтік желілер арқылы «сабақты» қалт жібермей қарап отыр. Енді не істемек керек? Қайда оқиды жастарымыз? Біздіңше мұның шешімі елімізде баршылық. Солардың бірі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пәрменімен ашылған «Нұр-Мүбәрәк» Египет Ислам университеті ресми түрде 2003 жылдан бері білім беріп келеді. Білім ордасында 80-ге жуық оқытушы болса, олардың 40 ғылыми дәрежесі бар ғалымдар. Бұл дегеніңіз оқытушы құрамның сапасын көрсетсе керек. Соңғы уақыттарда гранттары көбейіп келе жатқан «Нұр-Мүбәрәктан» жылына 200-ден астам түлек түлеп ұшуда. Алған білімдерін шыңдағысы келген азаматтар осында қаларда немесе шетелдік атақты білім ордаларына оқуға түсерде еш қиындықсыз, магистратура, доктарантурада өз білімін жалғастыруға мүмкіндік алуда. Қазір бұл оқу орны ТМД бойынша ғана емес, Орталық Азиядағы ислам ғылымын тереңдетіп оқытып, зерттеуші бірегей ЖОО-на айналды.

Бұған қоса еліміздің өңірлерінде талай имам-молдаларды түлеткен 9 медресе жұмыс істеуде. Қазіргі таңда олардың барлығы медресе бола тұра, арнаулы зайырлы оқу орындарына айналып, мемлекеттік үлгіде диплом береді.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен және Ислам даму банкінің қаржылық қолдауымен ашылған Қазақстан Республикасы имамдарының білімін жетілдіру ислам институты жоғары мамандық беретін білім мекемесі ретінде тіркеліп, әрекет етуде.

Осы тұста бұл оқу орындарының ашылуы мемлекетіміздің дінге деген дұрыс бетбұрысынан екендігін атап өткеніміз жөн.

Жоғарыда аталған оқу орындары қойылған сұрақтың шешіміне жауап ретінде айтып отырмыз құрметті оқырман. Өз еліңде, өз жеріңде ата-дәстүр мен салтыңды, барлық ұлттық құндылықтарың мен менталитетіңді сақтай отырып оқу, ертеңгі күні біртұтас мұсылманның арасында түсініспеушілік пен фитнаның шықпауына кепіл болары сөзсіз. Кезінде ілім іздеген азаматтар «Білім іздеп Бұқар бардым» деуші еді. Сондағысы Қазақстанда білім ордаларының жоқтығы себеп болса керек алдымен. Ал, Бұқара, Самарқан мен Ташкенде ілім алатын ірі медреселер болғаны екнші кезекте.

Ия, бұл жерде біз шетелде оқыма деген мәселені айтпаймыз. Оқу қажет. Алайда қандай оқу орындарында, қандай жолмен білім алған жөн. Бірінші біз әрқашан қазіргі қажеттілікті білсек артық болмас еді. Қазір елімізде ең ірі және ресми Ислам дінінің Ханафи мәсхабын қолдап, Матруди ақидасын оңдап отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бар.

Бүгінде 300-ге жуық шетелде діни білім алып жатқан жерлестеріміздің 100-ден астамы осы діни бірлестіктің жолдамасымен кеткен сол елдерге. Ал қалған азаматтар өз бетінше оқуда. Олардың басым бөлігі әлемнің көптеген мұсылман елдерінде мойындалмаған оқу орындарында дәріс алуда. Сырттағы Студенттер арасында Сирияда оқитындарының күні бүгінде қиын болып тұр. бірі оқуды тастап, Мысыр мен Түркияға барса, тағы бірі аспан айналып түсіп жатқан мемлекетте оқу орнын таба алмай абдырап жүр. Ал енді осы ілім іздеп шетел асқан студенттердің алған дипломдарының көпшілігі елге оралғанда жарамсыз қалатыны тағы бар. Балаңыз, не туысыңыз оқудан оралып, алған білімі жарамсыз болып, қолындағы қағазы мен кеткен уақытты текке болып шығуы ғажап емес. Ондай жағдай кездесіп жатса таң қалмаңыз.

Сондықтан, бейбіт аспан астында, татулығы мен бірлігі жарасқан елде қолда бар алтынның қадірін кетірмей, еліміздегі жоғары оқу орындарынан білім алып, оң-солымызды танып, ханафи мәзхабының негіздерін бойға сіңіріп, әлемнің ең әйгілі университеттеріне оқуға барсақ та жеткілікті болар деп ойлаймыз. Сонда ғана өзгенің жастарымызға саяси-сүрқия идеологияны таңынуының алдын аламыз деп ойлаймыз. Айту бізден, шешім Сізден құрметті оқырман.

Еркеғали Таңатаров,

Отырар аудандық ішкі саясат

бөлімінің бас маманы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0