четверг, 9 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Павлодарлық ақ жаулықты аналар Ақтөбедегі лаңкестік оқиғада көз жұмғандарды еске алды

Ақтөбеде орын алған қасіретті оқиғаға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облыстық филиалының аналар кеңесі «Достық» үйінің алдында «Ақ орамал» атты акция өткізді, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

«Әкесін, ағасын, ұлын жоғалтқан аналардың, балалардың және әйелдердің қайғысына ортақтасып,  бірге уайымдап отырмыз.  Мұндай ауыртпалықты олардың қалай бастан кешіргенін көзімізге елестете алмаймыз. Олар біздің әрдайым бірге екенімізді, жүрегімізден шыққан үнді естісе дейміз. Қазақстанның әскері қарақшыларды тоқтатып, елімізге тыныштық орнатқанын мақтан етемін. Біз ынтымағы жарасқан ел болуымыз керек және Елбасының бейбітшілік пен тұрақтылыққа бағытталған саясатын барынша қолдаймыз. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған шара біздің жұдырықтай жұмыла білетінмізді көрсетеді», — деді «Эльбрус» қарашай-шеркес және кабардин-балкар аймақтық ұлттық-мәдени орталығы» АҚ-ның төрайымы Мария Байрамқұлова.

«Қоғамдық келісім» ММ-нің медиаорталығының басшысы Мақсат Айтбаевтың айтуынша, шараға жүзден аса ана қатысқан. Олардың арасында павлодарлық этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық жанғырту мектебінің өкілдері, ҚХА-ның хатшылығынан аналар қатысқан. Бастарына ақ орамал тартқан павлодарлық әйелдер «Достық» үйінің алдында «Мир» сөзін құрастырған. Осылайша, олар Ақтөбеде болған жағдайда балаларынан айырылыған аналардың қайғысына ортақ екенін жеткізгісі келген.

«Ақтөбедегі қанды атыстан бірнеше адам қаза тауып, он шақтысы жарақаттанды. Күн сайын БАҚ өкілдері таратқан жаңалықтарды бақылап, біліп тұрамыз. Қасиетті Рамазан айының алдында жасалған қылмыс лаңкестердің Ислам дініне қатысты жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Терроризм ұлт пен сенімге бөлінбейді. Мұндай қылмыстардың басты мақсаты - елдің берекесін кетіру. Сондықтан бізге бейбітшілікті сақтау маңызды», — деді «Қоғамдық келісім» КММ-ның басшысы Оразгелді Қайыргелдинов.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні Ақтөбеде лаңкестік орын алды. 29 лаңкес қару сататын дүкенге және Ұлттық Ұланның әскери бөлімшесіне шабуыл жасады. Азаматтардың ішінде үшеуі қаза тауып, екеуі жарақат алды. Сондай-ақ қару сататын орынға бірінші жеткен полиция қызметкерлері көз жұмды. Түнгі ұстау барысында да полиция қызметкерлері жапа шекті. Әскери қызметкерлер арасынан үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды. Елімізде 40 тәулікке лаңкестік қауіпінің «сары» деңгейі енгізілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0