четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Қызылорда облысында кадр даярлау үшін «Еңбек» бағдарламасын негізге алып отыр

Қызылорда облысында кәсіби мамандарға сұраныс жоғары. Осыған орай аймақта индустриалды-инновациялық даму талаптарына сай техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін сапалы түрде дамыту жұмыстары қарқынды жүруде.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Биылғы оқу жылында облыстағы 30 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнында 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 20396 студент білім алуда. Кадр даярлау үшін жергілікті бюджеттен  3128, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс аясында 500 орын бөлінген. Ал, осы жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша 1515 орынға студент қабылданған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан  жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында дуалдық, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру бүгінгі уақыт талабы екенін баса айтқан болатын.  Бұл ретте өңірде дуалды оқыту жүйесі 2014 жылдан бастап қолға алынды. Бүгінгі күні аталған жүйе бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін 25 оқу орнында 87 мамандық бойынша 3254 студент білім алуда.  Ал 48 мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламалары оқытылуда.

Студенттердің білімін жетілдіру мақсатында қолға алын­ған жұмыстардың бірі – олардың жатақханамен қамтамасыз етілуі.

Жалпы теориялық білім тәжірибемен ұштасқанда ғана маман өз кәсібіне төселетінін ескерсек, облыста студенттерді өндірістік тәжірибеге тарту жұмысына да елеулі көңіл бөлініп отыр.

«Өңірдегі оқу орындары да талапқа сай жұмыс жасауда. Мәселен, 12 оқу орны институционалды және мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтсе, техникалық және кәсіптік білім беретін 8 оқу орны жоғары колледж статусын иеленді. Оған қоса кәсіптік білім беру саласында білім алушылардың жұмысшы мамандығы бойынша бірнеше біліктілікті қатар алып шығуына қол жетті. 11 колледжде 18 мамандық бойынша білім алушылар 38 жұмысшы біліктілігін алатын болады. Өткен жылы 360 инженер-педагог біліктілік арттыру курстарын тәмамдаса, биыл 241 инженер-педагог біліктілігін арттыруда. Мұның барлығы білімге, кәсіби біліктілікке жіті назар аударып,  жастардың сапалы маман иесі болып шығуына жасалған жағдай деп білемін, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0