суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
22oC
1xadv
×

Қызылорда облысы дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жандандыруда

Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жас отбасылар байқауы өтті. «Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» деген атаумен өткен облыстық байқауға әр ауданнан келген жас отбасылар қатысты.

Байқаудың мақсаты – өңірімізде дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жандандыру арқылы отбасы институтын нығайту арқылы оның қоғам өміріндегі рөлін арттыру болып табылады. Жас отбасылар байқауы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткізілді.

«Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі», - деп атап өтуінің мәні зор.  Осы орайда аймағымызда көпшілікке өнеге болатын жас отбасылар байқауын өткізуді жөн санадық», - дейді байқау ұйымдастырушылары.

Байқауда бақ сынаған отбасылар өз өнерлерін, қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып, отбасылық жетістіктерімен бөлісті. Байқау нәтижесі бойынша  бірінші орынды Қармақшы ауданынан келген Бекжановтар отбасы жеңіп алды. Ал, екінші орынды Шиелі ауданынан қатысқан Көшербаевтар әулеті иеленді. Үшінші орын Қызылордадағы Абубакировтер жанұясына берілді.
Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0