воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Алматы әкімдігінде қалалық қоғамдық көліктің жағдайы мен дамуы туралы айтылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық қоғамдық көліктің жағдайы, дамуы және оның қызмет көрсету сапасын арттыру туралы брифинг өтті.

Брифинг барысында қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов қалада жолаушыларды тұрақты тасымалдаумен 14 автопарктің айналысатынын, олардың 13-і жекенікі, ал біреуі коммуналды екенін айтты.

226 бағыт ұйымдастырылған, оның 120-ы қалалық, (112 автобус, 8 троллейбус бағыттары); қалааралық (облысаралық) – 45; қала маңы – 61. Айта кетерлігі, қала бағыттары бойынша күн сайын 1 млн 250 мыңға жуық тасымал болады. Бағыт жүйелерін одан әрі кеңейту мақсатында жаңадан №33,113, 204, 206, 208 бағыттарын ашу жоспарланған, олар қала ішінде және қала маңындағы түрлі елді мекендерге жолаушыларды тасымалдайды.

Соңғы бес жыл ішінде газбен және дизельмен жүретін 1331 жаңа автобус сатып алынды. Биылғы жылы тағы 450 автобус сатып алу жоспарланған (АЭТ – 260 бірлік, жеке тасымалдаушылар 190 бірлік.), олардың 222 автобусы жеткізілді.

Қала маңына жүретін қоғамдық көлікті дамыту мақсатында бес тұрақты бағыттар ұйымдастырылған, олар: «Сайран» автовокзалы – Қаскелең қаласы (№202 бағыт, ұзындығы 29 км, жылжымалы бірлік саны – 20, тариф – 80 теңге, субсидия сомасы – 155 млн теңге); метроның «Райымбек» бекеті - Талғар қаласы (№203 бағыт, ұзындығы 40 км, жылжымалы бірлік саны - 15, тариф – 80 теңге, субсидия сомасы – 449 млн тенге); Спорт сарайы - «Пионер» санаторийі (№209 бағыт,ұзындығы 33 км, жылжымалы бірлік саны – 2, тариф – 300 теңге); Спорт сарайы - «Ой-Карағай» санаторийі (№210 бағыт, ұзындығы 31 км, жылжымалы бірлік саны – 2, тариф– 300 теңге); Спорт сарайы – Алма-Арасан (№211 бағыт, ұзындығы 44 км,жылжымалы бірлік саны– 2, тариф – 300 теңге).

Қалада автобус және троллейбус бағыттарынан өзге метро қызмет көрсетеді. Алматы метрополитені күн сайын 14 миллионнан астам адам тасымалдайды. Бес жыл ішінде (2014-2018 жылдар) метродағы жолаушылар ағыны 216 процентке артты, егер 2014 жылы 6,8 млн болса, 2018 жылы 14,7 млн адамға дейін өсті. Ағымдағы жылы метрополитен 12,9 млн жолаушыны тасымалдады. «Сарыарқа» және «Достық» бекеттері пайдалануға берілсе, метроауқымы кеңейеді, яғни Абай даңғылының бойымен Алтынсариннен Момышұлы көшесіне дейін 3,1 километрге ұзарады. Мұнда жолаушылар ағыны тәулігіне 86 мың адам болады деп күтілуде. Бекеттер құрылыстарының аяқталу мерзімі – 2021 жыл. Сонымен қатар, метроның «Қалқаман» және «Батыс автовокзалы» атты екі бекетінің жобасы жасалуда.

Бүгінгі күні «Оңай» электронды билет жүйесі қаланың қоғамдық көлігінің құрамдас бөлігіне айналды. Жүйе іске қосылған үш жыл ішінде 970 млн астам транзакция жасалды, қазіргі кезде күн сайын 1 250 мың тасымал жасалуда, «Оңай» картасын 1 млн астам адам белсенді қолдануда. Жүйе тасымалдаудың ашықтығын арттырды, жолаушылар ағынының 40%-ы, транзакция табысының 65%-ы көлеңкеден шығарылды. 2019 жылы «Транспорт холдингі» ЖШС компаниясы қосымша жабдықтар - терминалдар, сервер құралдарын сатып алу және бағдарламалық қамтамасыз ету үшін 280 млн теңгені инвестиялады.

«Оңайды» енгізу тасымалдың нақтылы экономикасына мүмкіндік берді және соның арқасында субсидия бөліне бастады. Өткен жылы тасымалдаушыларды қолдау үшін қала бюджетінен 9 млрд астам теңге бөлінді. 2019 жылы бөлінгені - 20 млрд теңге - бұл барлық қала бюджетінің 1/15 бөлігі. Қазіргі кезде жолақысының нақтылы бағасы 220 теңгеден астам, ал қала тұрғындары «Оңай» арқылы небәрі 80 теңге төлейді, яғни жолақысының тек жартысын ғана. Азаматтардың бірқатар санаттары (балалар, оқушылар, студенттер, мүгедектер, зейнеткерлер және басқалары) тегін жүреді немесе 40 теңге төлейді.

Сапалы қызмет көрсету үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттардың тасымалдаушыларына субсидия дер кезінде бөлінеді.

Коғамдық көліктің кестесі мен интервалын сақтауда жедел шара қолдану үшін диспетчерлік қызметтің жұмысы күшейтілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0