Атырауда Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты

25 қазан күні Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Республика күніне арналған Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты шарасы өтті.

Фото: «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі
Фото: «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі

Мемлекеттік гимн орындалуымен биіктігі 91 метр болатын тұғырға көк байрақ көтеріліп, аспан астында байрағымыз желбіреді.

Ұлттық мереке шарасына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, мемлекеттік және аймақтық мекемелердің өкілдері, спортшылар, әскери қызметкерлер және қала тұрғындары қатысты.

Жалпы, іс-шараға 600-ден астам атыраулық жиналды.

Шара соңында жергілікті өнерпаздар «Көк тудың желбірегені», «Сүйемін, Қазақстан» әндерін орындап, халыққа ерекше патриоттық көңіл-күй сыйлады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0