среда, 27 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-10oC
×

Алматыда төтенше жағдай кезіндегі қаржы ұйымдарының қызметі барынша бақылауға алынды

Алматыдағы банк секторы бүгінгі дағдарысты жағдайларға барынша дайын. Бұл туралы қалалық әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков баяндады.

Бүгінгі пандемия жағдайында, карантиндік режим кезінде сұраныстың, табыс көздерінің төмендеуіне, кәсіпорындар қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты экономиканың негізгі секторына және қаржы секторына әсер ететін жаңа қатерлер туындайтыны ақиқат.

Спикер коронавирус пандемиясына жол бермей, бизнесті қаржылық жағынан қолдау және қарыз алушылардың борышқа батып қалмауы үшін дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қабылданғанын атап өтті.

Спикердің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 30 наурызынан 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңге пруденциялық реттеудің уақытша контрциклдық шаралары енгізілді.

ШОБ-ға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда, оған 600 млрд. теңге бөлінді.

Төтенше жағдайдан зардап шеккен қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдыру көзделген.

Олег Смоляковтың сөзіне сүйенсек, Бағдарлама екінші деңгейлі банктердің ШОБ субъектілеріне, оның ішінде төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге айналым капиталын толықтыруға 12 айға 8% жеңілдікті несиелер беру жолымен іске асырылады.

Бағдарламаға қатысушы банктерге бөлінген қаражатты мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа банктерге депозиттерге орналастыруға, шетел валютасын сатып алуға тыйым салынады.

Осы жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша, яғни Бағдарламаны іске асыру сәтінен бастап 12 күн ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінен 213,9 млрд. теңге сомасына 1 131 өтінім келіп түскен, оның ішінде 41,7 млрд. теңге сомасына 92 өтінім мақұлданған.

Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықты, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Агенттік бірқатар жедел шаралар қабылдады.

«Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50%-нан астамын өтеген және кейіннен міндеттемелерін орындаған жағдайда кредиттік тарихын түзету мүмкіндігі көзделген, – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Смоляков.

Бұдан басқа, банктермен бірлесіп, халықты қолдау және әлеуметтік төлемдер бойынша мемлекет іске асыратын шараларды жедел қызмет көрсету жүзеге асырылады.

Халықтың осы төлемдерді тез арада алуы үшін банктер көрсетілген төлемдерді қолда бар кез-келген банк шоттарына аударады.

Бүгінде әлеуметтік төлемдер беру мақұлданған азаматтардың жалпы санының 92%-дан астамында төлем карталары бар.

Агенттік пен банктер банктің бөлімшелеріне бармай-ақ, төлем карточкаларын үйге жеткізуді қоса алғанда, шоттарды қашықтан ашудың алгоритмдерін пысықтады.

14 қаржы институты (13 банк және «Қазпочта» АҚ) шоттарды қашықтан ашу және банк карталарын жеткізу қызметтерін ұсынады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0