Ұлы даланың жеті қыры: Шығыс Қазақстанның кесенесінде ашылған дала кітапханасы жұрт назарында
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылының кең жазығында тұрған жалғыз кесенені жұрт Апырым байдікі деседі. Біз сөз қылғалы отырған «дала кітапханасы» осы кесенеде орналасқан.

Жергілікті өлкетанушы, тарихшы Қайрат Мәлікаждардың айтуы бойынша, 19-ғасырдың басында өмір сүрген Апырым бай оқымысты адам болыпты. Ол кісі оқыған кітаптарын ел игілігінен де аямапты. Өзі өмірден өтерінде ұрпақтарына кесенесінің шатырынан кітап қоятын орын шығарып, оған барлық кітаптарын киізге орап қоюды аманаттапты.
«Жазда жайлауға шығып кететін қазақ баласы алысқа кітап іздеп сабылмасын деп Апырым бай кесене шатырына дала кітапханасын салғызған. Ұрпақтары елге керекті кітаптарды киізге орап кесене шатырына қойып кетеді екен. Оны білетін оқымыстылар кесенеден керек кітабын алып, оқып болған соң қайта апарып қойып отырған. Осылайша дала кітапханасының дәстүрін қалыптастырған. Маған Апырым бай және осы кесенеде кітапхана болғаны туралы алғаш Кашей Тұзова деген апа айтып берген еді», – дейді өлкетанушы Қайрат Мәлікаждар.
Алты қырлы бейіттің биіктігі де алты метр шамасында. Қорғанның сыртынан қайтадан қоршау салынған. Жалпы ай күмбезді кесененің сәулеті өзгеше. Кісі жерлеген жердің сыртына екі метр биік тастан қорған салып, оның үстіне екі метр биіктікте ағаш діңгектер орнатылып барып шатыр жабылған. Ал шатырдың үстіне биік күмбез тұрғызылған. Шатырдың астыңғы жағынан арнайы кітапты апарып қоюға арналған тесік, кісі сиятындай есік істеліпті. Кесенеге керек тасты алыстан тасу үшін де біраз күш жұмсағанын көруге болады. Өйткені кесене орналасқан кең жазықта ешқандай кесек тас жоқ.
«Атам Көпес Містәхым осы Апырым бай туралы көп айтатын. Ол кезде бала болдық та көп дүниені есте сақтап қала алмадық. Кесене тұрған жер біздің ауылдың жайлауы болған. Апырымның бай болғандығын, кесенеде көптеген кітаптар болғандығын үнемі айтып отыратын», – дейді Биғаш ауылының тұрғыны Жәнібек Көпесов.
Кесене сәулетінен уақыттың табын көруге болатындай. Ағаштарды қолдан соққан шегемен шегелеп, көбін ыру арқылы құрастырыпты. Жергілікті жұрт Апырымның бай болғандығы туралы қариялардан көп естігендерін айтады.
«Дала кітапханасының дәстүрлі үрдісі қай жылдардан бастап жойылып, кітаптарды кім алып кеткені белгісіз. Бір анығы, кесене шатырындағы кітапханадан көптеген оқымыстылар кітап алып оқығанын елдің бәрі біледі екен. Қазіргі дамыған елдердегі көше кітапханасы сияқты дала кітапханасы бізде де болғанын біле жүрейік», – дейді өлкетанушы.
-
«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист30.01.2023, 01:20В полиции прокомментировали шокирующее фото с якобы принимающей наркотики девочкой30.01.2023, 19:354-летний мальчик утонул в бассейне фитнес-клуба в Шымкенте30.01.2023, 12:22Заставлял беременную жену заниматься сексом с другом: Опубликованы жуткие видеоСегодня, 12:55Мужчина заснул в заведенной машине и не проснулся30.01.2023, 16:45Россияне продолжают заезжать в Казахстан с буквой Z30.01.2023, 12:10
-
19:22«Где качественная медицинская помощь?»: Родители новорожденного обвинили в халатности врачей18:33Военнослужащие, рискуя жизнью, спасли из пожара жителей Уштобе18:23Токаев направил телеграммы соболезнования руководству Пакистана18:18Певца Игоря Николаева экстренно госпитализировали18:04Корейский певец продолжает записывать свои версии казахстанских песен17:53Фильм о Каныше Сатпаеве выйдет в прокат 2 февраля17:42В Шымкенте и 8 областях РК объявлено штормовое предупреждение17:31МИД России заявило, что не вмешивается во внутренние дела Казахстана17:17Сын бизнесмена употребляет порошок с несовершеннолетней: Полиция отреагировала на видео17:04Тенге отлично подрос16:52Токаев снова назвал проект ЛРТ ошибкой16:41Ставить в магазинах казахстанские товары выше российских просят в Сети16:30«На пустом клочке земли сразу же появляется ЖК» – Токаев о застройке столицы16:23Качество дорог в Астане вызывает вопросы у президента16:15Из-за задержек акимата ТЭЦ в столице подорожал на 53 млрд