Шығыс Қазақстанда майлы дақылдарды өңдейтін бірегей кәсіпорынның құрылысы жалғасуда
Ел экономикасын нығайтуда кәсіпкерлік саласының алар орны ерекше. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес жыл сайын бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін көңіл ерекше бөлінеді. Әсіресе, бұл салада тың бағыттар, заманауи әдістердің қолданылуы қашанда құба-құп. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданында майлы дәнді-дақылдарды терең өңдейтін зауыт құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Фото взято с сайта eldala.kz
Күнбағыс, соя, рапс сияқты дақылдардың дәнінен дайын өнім шығаратын өндіріс технологиясы бірегей. Әлемнің озық технологияларын қолдану көзделген. Алынатын өнім ішкі нарық пен экпорттық әлеуетті арттыруға бағытталмақ. Предгорное ауылындағы бұрынғы элеватор жанынан бой көтеріп жатқан кәсіпорын бірнеше бөліктен тұрады. Түрлі дақылдарды әр цехта жекелей өңдеу көзделген. Қазірдің өзінде күнбағыс ядросын өндіру деп аталатын зауыт техникалық тұрғыда іске қосылып, сынақтан сәтті өтті. Жобаның басты ерекшелігі – кәсіпорынға жеткізілетін шикізат толықтай өңдеуден өтіп, тіпті қалдығының өзі кәдеге жаратылады.
«Біз өндіріске ноу-хауды мейлінше енгізуді мақсат еттік. Мұнда қолданылатын технологиялар дайын өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді. Бастысы қоршаған ортаға бөлінетін қалдықтар азаяды. Суға болсын, ауаға болсын бөлінетін зиянды заттар болмайды. Экологиялық таза жоба. Менің артымдағы ғимарат жобаның алғашқы бөлігі деуге болады. Күнбағыс ядросын өндіру алаңы. Бұл жерден қалдық шықпайды» дейді жобаның бас менеджері Павел Писаненко.
Кәсіпорын тәулігіне мың тонна өнім өңдеуге қауқарлы. Инвестициялық жобаның құны 22 млрд теңге. Біздің майлы дәнді-дақылдарға іргедегі Қытай мен орта Азия елдерінен сұраныс жоғары. Сол себепті кәсіпкерлер ішкі және сыртқы нарықты қамтамасыз етуге мүдделі. Ал мұндай жобаны мемлекет қолдауға дайын.
«Қазіргі біздің мақсатымыз мемлекет тарапымен әрбір өндіріп жатқан өзіміздің дүниемізді шикізатпен сатпай, оны осылай өндіру арқылы май ретінде нарыққа шығару. Ертең бұлар бірінші жылы вагонмен сатады, содан кейін рафинация дезодорация секторы бар бөтелкесімен сатылатын дәрежеге жетеді. Қазіргі бізде жалпы Қазақстанда біздің нақты сұйық маймен біз өзімізді толықтай қанағаттандырып тұрған жоқпыз» дейді ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.
Өңдеу технологиясы бойынша күнбағыс қалдығының өзі іске жаратылады. Пресстелген мына брекеттер отын орнына қолданылмақ. Мамандар кәдімгі көмірден еш кем түспейді дейді. Құрамы тек күнбағыс қабығы. Ешқандай қоспасыз отынның экологияға зияны жоқ. Қазір осынау брекеттер арнайы сараптамаға жөнелтілген.
«Негізі жылу өте жақсы. Күлі аз, 3 процентке дейін ғана күл шығады. Мысалы жәй көмірден 25-30 процент күл шықса, бұл жерде әлдеқайда төмен. Және күлін жер үйде тұратын адамдар бақшаға салып тыңайтқыш ретінде қолдана алады. Қабықтың өзі нығыздалғанда ауаға көміртек газын шығармайды. Бір артықшылығы сонда» дейді зауыт мамандары. Кәсіпорын дақыл өңдеу саласында әлемдегі жетекші мемлекет саналатын Украинамен тығыз қарым-қатынаста. Жобаны келер жылдың күзінде толық іске қосу көзделіп отыр.
-
«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист30.01.2023, 01:20В полиции прокомментировали шокирующее фото с якобы принимающей наркотики девочкой30.01.2023, 19:354-летний мальчик утонул в бассейне фитнес-клуба в Шымкенте30.01.2023, 12:22Заставлял беременную жену заниматься сексом с другом: Опубликованы жуткие видеоСегодня, 12:55Мужчина заснул в заведенной машине и не проснулся30.01.2023, 16:45Россияне продолжают заезжать в Казахстан с буквой Z30.01.2023, 12:10
-
18:33Военнослужащие, рискуя жизнью, спасли из пожара жителей Уштобе18:23Токаев направил телеграммы соболезнования руководству Пакистана18:18Певца Игоря Николаева экстренно госпитализировали18:04Корейский певец продолжает записывать свои версии казахстанских песен17:53Фильм о Каныше Сатпаеве выйдет в прокат 2 февраля17:42В Шымкенте и 8 областях РК объявлено штормовое предупреждение17:31МИД России заявило, что не вмешивается во внутренние дела Казахстана17:17Сын бизнесмена употребляет порошок с несовершеннолетней: Полиция отреагировала на видео17:04Тенге отлично подрос16:52Токаев снова назвал проект ЛРТ ошибкой16:41Ставить в магазинах казахстанские товары выше российских просят в Сети16:30«На пустом клочке земли сразу же появляется ЖК» – Токаев о застройке столицы16:23Качество дорог в Астане вызывает вопросы у президента16:15Из-за задержек акимата ТЭЦ в столице подорожал на 53 млрд16:08Сперма во рту: Расследование возобновили после громкого заявления