вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-3oC
×

Оңтүстікте этноконфессиялық келiсiмнiң бiртұтас инфрақұрылымы қалыптасқан

«Оңтүстiк Қазақстан облысы – республика бойынша өзге ұлт өкiлдерi ең көп мекендейтін өңiр. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде, мұнда этноконфессиялық келiсiмнiң бiртұтас инфрақұрылымы қалыптасқан.

Өңiрдi мекендейтiн ұлттардың тiлiн, мәдениетiн, салт-дәстүрiн сақтауға барлық мүмкiндiктер қарастырылып, өзара татулық пен бірліктің үлгісі көрсетілуде», ― дейді ОҚО ҚХА хатшылығының инспекторы Тұрсынкүл Құрманбаева.

«1995 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан бұл құрылым бүгінде еліміздің ұйытқысына айналды десек қателеспеспіз. Кез келген мемлекеттің өркендеуінің басты қағидасы ол – ынтымақ пен бірлік. Қазақстан көп этносты мемлекет болғандықтан, Ассамблеяның еліміз үшін маңызы зор. Ассамблеяның ұстанған басты бағыты – елiмiздi мекен еткен барлық этностарды ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, елiмiздегi тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына үлес қосу. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы ықпалдастық идеялар мен мәдениетаралық коммуникациялардың жаңа жолдарының көшбасшысына айналды. Ол бірегей Еуразиялық бірлестік болып табылады. Олай деп отырған себебім, мұнда Шығыс пен Батыстың дәстүрлері араласып, өзара сіңіскен. Бір сөзбен айтқанда, елiмiздегi ұлтаралық тұтастық пен келiсiмдi сақтауға iс жүзiнде өзiндiк үлесiн қосып келе жатқан бiрегей құрылым бүгiнде халық дипломатиясының маңызды күретамыры деуге болады», ― деп атап өтті Тұрсынкүл Лесбекқызы.

Оның мәлімдеуінше, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің тілі, дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізіп отыруға барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Мәселен, шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл, «Рождество, «Чыршы байреме», «Сабантой», «Масленица», «Хануки», «Пасха», «Курбан Байрам», «Чусек» секілді әр этностың ұлттық мерекелері өтіп тұрады. Оның ішінде «Наурыз» мейрамы аса ірі ауқымда ерекше аталып өтіледі. Бұл мерекеде қазақтың киіз үйі тігіліп, алты бақандар орнатылып, этномәдени орталықтары шығармашылық ұжымдарының күшімен қойылған театрландырылған көрініс, мерекелік концерт, сондай-ақ қолөнер туындылары мен ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырып тұрады. 

«Сондай-ақ, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен орайластырылып, жыл сайын этностар арасында «Бірлігі бекем ел», «Байтақ елім – Қазақстан», «Қазақстан – құт, береке мекені», «Достық дастарханы» секілді спорттық іс-шаралар, жас отбасылар конкурсы жоғары деңгейде өткізіліп тұрады. Міне, осы аталған іс-шаралар арқылы біздер өңіріміздегі барлық этностардың қоғамдық істерге белсене араласып, бір-бірін бауырына басуына, ең бастысы патриоттық сезімін оятуға күш салып келеміз. Әрбір мереке, жиын оларды «сен ақсың, сарысың, қарасың» демей, бір үйдің балаларындай жұмыла жұмыс істеуге үйретеді. Осындай ауызбіршіліктен кейін елдің әлеуметтік жағдайы да, экономикасы да тұрақты болады. Біздегі этностар Қазақстан адамдарды нәсіліне, түсіне қарамай, барлығын бір шаңырақтың астына жинап отырған қазақ халқының дархан көңілі мен ыстық ілтипатын жоғары бағалайды және оған деген құрмет сезімін анық аңғартып келеді», ― деді ол. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0