вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-4oC
×

Оңтүстіктегі өзбек этно-мәдени бірлестігінің құрылғанына ― 25 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Оңтүстіктегі өзбек этно-мәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай облыстық өзбек этномәдени бірлестігі мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Өзбек этносының тілі, мәдениеті, дәстүрлері күні» және «Алтын күз» мерекесі өткізілді.

Шымкент қаласындағы Абай саябағында өткен іс-шараның тұсаукесері А.Құнанбаевтың ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қоюдан басталды. Облыстық ассамблея хатшылығы мен көршілес Өзбекстан Республикасынан шақырылған қонақтар салтанатты іс-шараға жиылған көпшілікке жылы лебіздерін білдірді.

Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – бұл баға жетпес асылымыз, біздің бауырлас елдердің басты байлығы, - деп атап көрсетті Өзбекстан Республикасындағы қазақ мәдени орталығының төрағасы С. Үсенов.

– Өзбекстанда миллионға жуық қазақтар тұрады. Біз жас ұрпақтың өз дәстүрін, тілін ұмытпауы үшін жұмыс істейміз, оларды достық пен келісімде өмір сүруге үйретеміз.

Мерекелік іс-шарада Өзбекстаннан келген әнші З. Байхонова мен скрипкашы А. Исмаилов өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Оңтүстік өңіріндегі өндірістік кооперативтер мен мектеп ұжымдары дайындаған көрмеге ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер туындылары және ұлттық тағамдар қойылды. Сонымен қатар, жылдағы дәстүр бойынша көпшілік үшін арнайы қазандарда палау дайындалып, қатысушыларға тегін таратылды.

Іс-шара барысында облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжанов арнайы сөз сөйлеп, қоғамдық өмірге белсенді араласушы бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0