пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-5oC
×

Ақтауда Каспий аймағы мемлекеттерінің геология ғалымдары бас қосты

Бүгін Ақтауға Иран, Ресей және Қазақстандық барлау институттарының ғалымдары келді.Олар ортаға салған мәселе - Каспий өңірінің геологиялық мазмұндағы атлас картасын құрастыру, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бұл жобаға мемлекеттік орган, мұнай саласындағы коммерциялық компаниялар, ғылыми институттар жұмылдырылу керек. Бүгінгі басқосу ауқымды жобаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам, дейді ғалымдар.

Каспий аймағындағы мұнай өндіретін бес мемлекет теңіздегі табиғи ресурстың қорын анықтағасы келеді. Ресми дерек бойынша  көк айдынның Қазақстандық бөлігінде 5 миллиард 1 миллион тонна мұнай мен 0,2 триллион тонна текше метр газдың геологиялық қоры  бар екен. Теңіз тереңдігінен тағы да таби ресурстар қорын іздеу үшін геологиялық атлас керек.

«Бірыңғай геологиялық картографиялық негіз және ақпараттық деректер қорын құру өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Каспий өңірінің мұнай-газ секторын дамытуға өз әсерін тигізеді. Өңір тұрғындарының да әлеуметтік-экономикалық тірлігіне оң жағдай туғызып,қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», — дейді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Ғалымдар ойға алған атлас картасы - Каспий жағасында орналасқан барлық мемлекеттер үшін маңызды. 

«Бұл карта не үшін қажет? Қазір Каспий қайраңында 5 шақырымға дейінгі бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр. Біз келешекте 10,15 шақырымда тұздың астында не барын анықтауымыз керек. Сол үшін қажет. Ол өте қауіпті де ақшаны да көп талап ететін жұмыс. Картаны құрастыруға дайындыққа 1 жылдан астам уақыт керек. Ал бүгін біз 3 мемлекеттіғ геолог ғалымдары картаның мазмұны қалай болады ,соған жоспар құруымыз керек. Бұл әлі алғышарт», — деп атап өтті РФ ғылыми академиясы геологиялық институтының ғылыми қызметкері Юрий Волож.

Мамандардың айтуы бойынша, енді Каспий тереңдігін тексеру үшін барлық  мемлекеттің геологтары біріккен барлау ұйымын құру қажет.

Кеңесте ресейлік ғалымдармен бірге, Ирандық және Өзбекстандық геология және табиғатты пайдалану институттарының директорлары өз тәжірибелерімен бөлісті. Жиналғандар жобаны жүзеге асыру үшін алдымен сайт құрып, ортақ электронды база жасақтау қажет деген ұсыныс айтты.

Кеңестің алғашқы күні Қазақстан, Ресей мен Иран арасында үш жақты хаттамаға қол қойылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: