Форумға еліміздің Қаржы министрлігінің мемлекететтік кірістер комитеті мен Түрік Республикасы, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Грузияның сауда және кеден министрліктерінің басшылары келді, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Жиында кедендік рәсімдерді жеңілдету, транзитттік тасымалды арзандату жолдары талқыланды.
Әлемдік талапқа сай, кедендік рәсімдердің қысқа уақытта жүзеге асуы керек. Сонда ғана бір мемлекеттен келіп-кететін тауардың бағасы да арзан болады. Тасымал бағалары да кәсіпкерлер үшін тиімді болмақ. Бұл тұрғыда көршілердің тәжірибесі бізден көш ілгері. Енді Қазақстан да, оның ішінде теңіз қақпасы саналатын Ақтау да бұл тәжірибені қолдау керек.
«Сол үшін де қазір аймақта қосымша паромдық кешен, Боржақты-Ерсай теміржолы, Жезқазған-Бейнеу теміржолдарының құрылысы жүргізілді. Шетпе-Бейнеу тас жолының құрылысы,Ақтау теңіз портының солтсүтік терминалы.бұлардың барлығы да осы өңірдің басқа мемлекеттерге қажетті транзит қылуға жасалған қадамдар. Сондықтан бүгінгі форум да табысты нәтиже әкеледі деп сенеміз», — деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Түркия соңғы бір жылда 65 кедендік рәсімді 1 минутта атқарады. Ақтау теңіз-сауда портында былтыр бір терезе қағидасы енгізілді. Жұмыс жеңілдеп, уақыт үнемделді. Транзиттік табысты арттыру үшін енді тасымал бағасын төмендету керек. Кедендік рәсімдер жеңілдесе, халықаралық жүк тасымалдаушылар біздің транзиттік дәлізді таңдайды.
«Мысалы,Украина мен Түркия арасындағы жүк тасымалының бағасы 1200 АҚШ долллар болса, Ақтау мен Баку арасындағы тасымал құны одан да көп. 7 мың доллар деп айттым ғой, бұның ең үлкені Ақтау мен баку арасындағы тасымалданатын жүктің бағасы. Екіншісі Ақтау мен Баку арасында жүйелі тасымал болу керек. Тек көліктер жиналғанда емес, белгілі бір уақыт болу керек», — деп атап өтті Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбек.
Бұл ретте бізге халықаралық конвенциялар үлгі. Әзірбайжандық Кедендік қызмет өкілі осылай дейді. Яғни олар халықаралық жол тасымалы құжатымен жүреді. Өзге мемлекеттің шекарасына өту төлемі аз, соған сай кедендік бекеттерден өту уақыты қысқарады.
Форумда әр ел өзінің кеден саласындағы қазіргі жағдайы мен келешек жоспарларын айтты. Содан соң,Жібек жолы елдері өзара ақпарат алмасуды шұғыл әрі ашық деңгейге көтеруді ұсынды. Жиын соңында Ақтау декларациясы қабылданды. Аталған құжатта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға шешім қабылданады.