пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкентте бір аптада жасыл шөп өсіріп шығаратын компания жұмыс істеуде

Жасанды жолмен көк шөп өсіру технологиясы Шымкентке де жетті. KazAgro Green компаниясы небәрі бір аптаның ішінде жасыл шөп өсіріп шығарады. Шіліңгір шілденің аптап ыстығы ма, әлде қытымыр қыстың қақаған аязы ма, бұл мекемеге шөп өсіру ешқашан қиындық тудырған емес.

Кәсіпкер Бақытжан Көпбаевпен жыл он екі ай жем-шөптен қиналмай шығуға болады. Ол жыл бойына үзілмейтін қандай «құдыретті» шөп дейтін шығарсыздар?! Гидропоникалық қондырғыда өсірілетін, дәнді дақылдардан өсіп шығатын шөп.

Гидропоника дегеніміз – өсімдіктерді топырақсыз, жасанды қоректендіргіш ортада өсіру. Бұны ғарыштық технология десек те болады. Яғни, индустрия саласындағы инновациялық тың жоба. Қазақстанға аталған жобаның енгеніне екі-ақ жыл. Осы уақыт аралығында компания еліміз бойынша 14 гидропоникалық қондырғы қойып үлгерген. Компанияның Астана, Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент зауыттарында жұмыс істейтіндер санын жалпы есептегенде, 200-дей адамды жұмыспен қамтып отыр екен. Ал Шымкентте 30 адам жұмыс істеуде.

«Мен 2000 жылға дейін ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде және Шымкент қалалық Салық комитетінде қызмет атқардым. Одан кейін белгілі бір себептермен жеке кәсіпке кеттім. Жасыратыны жоқ, мемлекеттің жұмысында істеп жүріп те қосымша кәсіппен айналысқанмын. 2006 жылы әскерде бірге болған досым Саша Лаврешинмен Дубайда Alatau General trading (АGT) компаниясының негізін қаладық. Жасыл қорек технологиясын Қазақстан нарығына 2015 жылы KazAgro Green атауымен алып келдік. Әрине, біз бағаны бірден төмендетіп қойдық. Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы 4 өңір бар: Өскемен, Қарағанды, Алматы және Шымкент. Осы төрт қалада кәсіпкерлікке керектінің бәрі табылады. Астана мен Өскемен, Шымкент қалаларында компанияның бөлімшелерін аштық», - дейді Бақытжан Көпбаев.

Жасыл қорек топырақсыз өседі. Бұған ешқандай қоспа қосылмайды, яғни, экологиялық таза. Бұл технология бойынша тек қана дәнді-дақылдарды, яғни, арпа, күріш, бидай, жүгері, соя, фасоль өсіре алады. Маш төрт күнде, жүгері он төрт күнде өсіп шығады. Қалған дақылдардың дәнін жеті күнде өсіруге болады. Бірінші тәулікте дән жара бастайды. Екінші тәулікте тамыр жіберіп үлгереді. Үшінші тәулікте тамыр байлайды. Төртінші тәулікте ол тамыр нығаяды. Бесінші тәулікте қатайып, бойшаңдап, биіктей бастайды. Алтыншы, жетінші күндері кәдімгідей биіктеп, жем-шөп ретінде дайын болады. Жеті күннің ішінде бойына құнарлы заттарды жинап алады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0