четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Қырымбек Көшербаев Артур Нығметовты Қызылорда облысының құрмет грамотасымен марапаттады

12 маусым күні Қызылорда облысының актив отырысында  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Артур Нығметов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Артур Нығметов Қызылорда облысы әкімінің әлеуметтік-саяси мәселелер мен ақпараттық саясат жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  А.Нығметовке жаңа қызметте табыстар тіледі.

«Аз ғана уақыт еңбек еткеніне қарамастан Артур Сағидоллаұлын көп іс тындырып кетті десек, артық айтқандығымыз болмас. Ол жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат саласы өкілдерінің арасында жаңашыл қарым-қатынас орнатып, аймақтағы атқарылған жұмыстардың жоғары деңгейде ақпараттандырылуына ерекше үлес қосты. Сыр өңірінің жергілікті атқарушы органында жемісті жұмыс жасап, ақпарат саласының нығаюына аянбай еңбек еткені үшін Артур Сағидоллаұлына шексіз алғысымды білдіремін және алдағы жұмыстарына толағай табыстар тілеймін», — деді аймақ басшысы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0