четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Қасиетті өңірдің экономикасына «қан жүргірді»

Таяуда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен 2020 жылға дейін ақжайықтық ағайын толықтай ауыз сумен қамтылуы керектігін жеткізді. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті іс-шаралар қолға алынуда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Егер нақты мысалмен айтар болсақ, облыстың шалғай аудандарының бірі болып саналатын Қаратөбеде аудан халқының 78,7% орталықтандырылған сумен қамтылса, 14 пайызы жер асты суларын пайдалануда. Ал 2 елді мекенге ауыз су тасымалдану арқылы  жеткізіліп берілуде. Биыл осы Үшағаш және Үшана деп аталатын қос елді мекендеріне су құбырын тарту жұмыстар басталды. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына жататын «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберіндегі жүзеге асып жатқан жоба нәтижесінде Қаратөбеде ауыз су мәселесі толықтай өз шешімін табатын болады.

«Өзім Үшана ауылындағы қызмет атқардым. Сол себепті ауылдағы су мәселесімен жете таныспын. Кезінде ауыз судың тасымалына қол жеткізіп, оны тасуға жаңа трактор берілгенде қалай риза болдық десеңізші! Ол кезде бұл мәселені шешудің өзі үлкен жетістік болып есептелген болса, бүгінгі заманның талабы басқа. Ауылдағы ағайын енді тасымалсыз су ішкісі келеді. Шөптікөл-Үшана бағытындағы ауыз су құбырының ЖСҚ-сы дайындалып, артынан қаржыға байланысты бұл жоба тұрып қалған еді. Жалпы құны 960 млн. теңге болатын жобаға аудан, облыс басшылығының табанылдығының нәтижесінде «жан біткеніне» қуаныштымыз. Ағымдағы жылға қазынадан 187897,0 мың теңге қаражат бөлініп отыр. Міне, осындай игілікті іс үшін аудан тұрғындары атынан облыс басшылығына, Үкіметке, Парламент депутаттарына ауыл тұрғындары атынан ризашылығымды жеткізгім келеді», — дейді Қаратөбе аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Меңдешов.

Айта кету керек, Мұхит, Ғарифолла, Ескендір сынды талай өнер саңылақтарын шығарған қасиетті Қаратөбе өңірі бүгінде экономикасымен де өзгелерден көш ілгері. Яғни газбен, сәбилердің мектепалды даярлығымен жүз пайыз қамтылған облыстағы бірден-бір аудан. Енді олардың қатарына ауыз су да қосылмақшы. Сондай-ақ аудан орталығын Орал қаласымен байланыстыратын тас жол да күрделі жөндеуден өтті.

2013 жылы студент атанып ауылдан жырақтаған Мұхтар Шайжанов есімді жас биыл өзінің туған жеріне өндірістік тәжірибеден өтуге келіп, Қаратөбенің жедел қарқынмен дамып келе жатқанын көрді. «Мен Елордамыздағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне жерге орналастыру мамандығы бойынша оқып жатырмын,-дейді ол.-Универсиет қабырғасында жүріп мемлекеттік, салалық бағдарламалармен таныстық. Солардың қатарында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы да бар. Аталмыш бағдарлама аясында ауылдарда өндірістерді кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті өрістету бойынша шаралар да көзделген. Ауылдың кадрлық әлеуетін арттыру, яғни ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету түрінде мемлекеттік қолдау да қарастырылған. Бұрын ауылдағы кәсіпкерлік тек алып сату болса, қазір ауданда ауыз су, ауыл шаруашылық, нан, кондитерлік өнімдерді өндіру, түрлі қызмет көрсетулер жолға қойылған. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуының арқасында Қаратөбеге қоныс аударғысы келетіндер, әсіресе жас маман ретінде барғысы келетіндер аз емес. Мәселен, тек былтырдың өзінде «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 59 маманға 9 млн. теңгеге жуық көтерме ақы беріліп, 26 маман тұрғын үймен қамтылды. Мұнның бәрін естіп-білім жүрген замандастарымның көпшілігі диплом алғаннан кейін ауылға келіп, еңбек жолдарын бастағысы келеді. Осылайша біз ауылды көркейтуге атсалыссақ, ол еліміздің дамуына қосылған үлес болары анық».

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0