пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Өңірлердің әлеуеті жүйелі түрде дамуда

2015 жылдан бастап Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы күшіне енгені белгілі. Оның құрамына «Қолжетімді баспана – 2020», «ТКШ-ны жаңғырту», «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» «Ақ бұлақ» пен «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары енген болатын. Бес бағдарламаны негізге алған бұл құжат күшейіп, атқаратын қызметтер саны ауқымдала түсеткен еді. Мамандар аталмыш бағдарлама үш жылдың өзінде сенім межесінен шығып жатқанын айтады.

«Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерге сәйкес, Үкіметтің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілген еді. Бес бірдей бағдарлама не үшін біріктірілді? Алдымен соған тоқталайық. Талдау көрсеткендей, бұл бағдарламаларда шығыстар бағыттарының жиі қайталануы және нысаналы индикаторлардың ұқсастығы байқалды, сондай-ақ оларды үйлестіруде және әкімшіліктендіруде қиыншылықтар болды. Сондықтан бағдарламалардың бағыттары жүйеге келтірілді.

Сол кездегі Елбасы Жолдауында белгіленген бағдарлардың бірі урбандалуды 55-тен 70%-ға дейін арттыру болып табылады. Осыған байланысты бағдарламаның шеңберінде 2-деңгейдегі қалаларды (облыс орталықтары, Семей мен Түркістан қалалары) дамытуға үлкен назар аударылды. Облыс орталықтарын экономикалық жағынан тиімді дамыту және оны өңірдің барлық ауданы үшін «локомотив» ретінде жетілдіру көзделде. Соның нәтижесінде аудандарда тауар өндіру, қызмет ұсынуға жете мән беріліп, оларды сату жолдары қарастырылу жоспарланды. Индустриялық-инновациялық бағдарламаларға орай инфрақұрылымды дамыту технопаркпен, индустриялық аймақпен байланыстырылды», — дейді батысқазақстандық экономист Бауыржан Саматов.

Иә, соңғы жылдары урбандалу үрдісі Ақ Жайықтың бас шаһарында да байқалды. Бүгінде оралдықтар саны 291 мыңнан асты. Бұл жалпы батысқазақстандықтардың 47 пайыздайын құрайды. Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға жоғары. Ал соңғы бес жылда облыс орталығының тұрғындары 33 мыңға жуық өсіп отыр.

Орал – облыс аудандары үшін іс жүзінде «локомотивке» айналды десе де болады. Өткен жылы негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 52,4 млрд. теңгеге жетіп, өндірілген өнім көлемі 68,5 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ былтыр оралдық кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік бюджетке 20 млрд. теңгеге жуық салық түсірді. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асқаннан бері Оралда түрлі салалық бағдарламалар аясында 941 жұмыс орнын құрумен құны 10,4 млрд. теңге болатын 20 инвестициялық жоба іске қосылды. Енді облыс орталығын «Ақылды қала» бағдарламасы аясында дамыту көзделіп отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0