воскресенье, 27 ноября, 2022
icon
465.38
icon
483.58
icon
7.69
Алматы:
icon
-12oC
Астана:
icon
-22oC
Подпишитесь на нас:
KazTimes Редактор
14 августа, 2017, 19:02

Ақтауда «Адай» жылқысын асылдандыру орталығы жасақталмақ

Ақтауда Орталық ипподром салынады. Онда «Адай» жылқысын сұрыптау, асылдандыру орталығы жасақталмақ, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бүгінде ат бәйгесінен ТМД Кубогы мен халықаралық жарыстардың жүлдесін алатын қазақы тұқымды асылдандыру Маңғыстау облысында жолға қойылуда.

«Адай» жылқысы 2014 жылы Францияда өткен бүкіләлемдік ат спорттары сайысына қатысып, екі жүзден астам мемлекеттің ішінде үздік ондыққа кірген. 120-160 шақырымға шабатын жылқы Маңғыстау елінде ғана мекен етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Маңғыстаудың Астанадағы мәдениет күндеріне арналған баспасөз конференцияда белгілі болды. 

«Үстіміздегі жылы Елбасының бағдарламасына орай Ұлттық спорт түрлерінің орталығы ашылады. Негізгі мақсат Адай  жылқысын насихаттау. Ат жарысы олимпиадалық спорт түрі екенін ескере отырып, «Адай» жылқысын тұқымдастыруға күш саламыз», — деді Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов.

Сонымен қатар баспасөз жиында 15-18 тамыз күндері өтетін мәдени шаралардың кестесі таныстырылды. Төрт күнге созылатын шараға Маңғыстау жерінің 567 өнерпазының қатысуымен Астанада 40-қа жуық шара жоспарланған.

Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:
Написать комментарий


Эксклюзив
Интервью и мнения