пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жете мән берілмек

Зерттеулер мен талдау жұмыстары көрсеткендей, тұрғындар арасында деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыруда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары негізгі пәрменді әдіс-тәсіл болып табылады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Сондықтан Батыс Қазақстан облысының басшылығы мен құзырлы құрылымдары осы жұмыстар арқылы қоғамда діни эктремизм мен терроризм идеяларына қарсы иммунитетті, тағатты діни сананы қалыптастыру, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру бағыттында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, ұлттық және дәстүрлі діни құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге де жете мән беруде. Облыстық дін істері басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, қазіргі таңда өңірде 14 ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) қызмет етеді. Биыл АТТ-ның 213 мүшесінің кәсіби дағдыларын, жеке қасиеттерін ескере отырып әрқайсысына тиісті тақырыптар бекітілген. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған ақпараттық-түсіндіру топтары арқылы 10 мыңға жуық адамды қамтыған 1287 іс-шара  өткізілді.

 Ендігі уақытта облыс басшылығы АТТ-ның ұйымдастыратының іс-шараларының санына емес, сапасына жіті назар аударуды мақсат тұтып отыр. Бұл туралы таяуда өткен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Жиынға төрағалық жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың айтуынша, ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметі жөнді ұйымдастырылмауда, аудандарда АТТ мүшелерімен өтетін кездесулерге көбіне басқа да түрлі жиындарға қатысып жүрген адамдар шақырылады. Сөйтіп дәстүрлі емес дін ұстанатындар, діни бағыттағы мәселесі бар ауылдық елді мекендер қамтылмай қалады. Бұл өз кезегінде жат діни ағымдарда жүрген жандардың қатарының көбеюіне септігін тигізеді.

Кеңес отырысында облыстық дін істері басқармасының мамандарымен батысқазақстандықтар арасында АТТ-ның жұмысын бағалау бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы да баяндалды. Аталмыш зерттеуге қатысқандардың жартысынан көбі еліміздегі жүзеге асырылып жатқан дін саласындағы саясат туралы хабардар екенін айтқан. Яғни бірқатар аудандарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу жағы кемшін, интернетте, әлеуметтік желіде жарияланатын материалдар саны аздау.

-Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынан негізінен аудан-ауылдарда жүйелі түрде ұйымдастыру керек және АТТ мүшелерінің тиісті аудиториялармен жүздесуіне жіті назар аударған жөн. Талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, Оралда дәстүрлі емес дін ұстанып жүргендердің көбі ауылдардан келгендер. Осыдан-ақ тиісті түсіндіру жұмыстарымен қамтылмаған жастар қалаға келіп, жат ағымда жүргендердің санын толықтырып жатқанын бағамдауға болады,-деген Арман Өтеғұлов кеңес мүшелеріне, тиісті құзырлы құрылм басшыларына, аудан әкімдеріне бұл мәселелерді назарларына алып, олқылықтарды жойып, алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеуі жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0