четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

БҚО-да Қазақстан халқы ассамблеясының өмірлік қуаты зор

Ассамблея еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың қара шаңырағы екені белгілі. Өңірілік ассамблеялар да ынтымақтастыққа ұйытқы болып, бұл бағыттағы жұмыстардың алға басуына өз үлестерін қосуда. Солардың бірі – Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы.

«БҚО ҚХА мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының біріккен әрі тиімді институты ретінде өзін танытуда. Қазігі уақытта облыстық ассамблеяның толыққанды құрылымы жасалды. Ол қоғамдық келісім мен қазақстандық біртектілікті дамытудың үйлестірушісі қызметін атқаруда. Олар  ассамблеяның 13 облыстық және аудандық кеңестері, 132 аналар кеңестері, 153 ақсақалдар кеңестері, ғылыми-сараптамалық топ пен М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы ассамблея кафедрасы, журналистер клубы, облыстық мәслихаттағы «Ынтымақ» депутаттық тобы, БҚО ҚХА жастар қанаты және барлық оқу орындарындағы 412 достық клубтары, 300 адамды біріктіріп отырған «Мейірім шуағы» волонтерлық қозғалысы. Бүгінгі таңда облыстық ассамблеяның активі 21 мың адамды құрайды. Бұл – үлкен әлеует. Соған орай әрбір құрылым жұмысына жете мән беріледі. Соның ішінде халықтың дауысы, бағыттаушысы, қоғамдық бақылаушысы болып табылатын қоғамдық келісім кеңестері бар.  Олар орын алған түрлі жағдайларға бірінші болып назар аударып, тиісті шараларды алуда. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық келісім кеңестері жергілікті өзін-өзі басқарудың бір түрі ретінде халық пен билік арасындағы алтын көпір қызметін атқаруда», — дейді БҚО ҚХА-ның хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.

Жалпы Ақ Жайық өңірінде 90-нан аса этнос өкілдері тұрады. Облыстық ассамблея құрамында 127 мүше бар. Олардың 32-сі түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары болып табылады.

Былтыр Орал қаласында Ассамблея үйі салынды. Онда ҚХА-ның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстары үшін барлық жағдай жасалған. Өңірлік ассамблея жанынан қайырымдылық қызметті үйлестіру кеңесі де құрылды. Ағымдағы жылдың 1 наурызында «Мейрімді көктем» акциясы бастау алған болатын. Осы шара барысында үйлестіру кеңесінің мүшелері тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық жасағанын да айта кеткен жөн.

БҚО ҚХА басшылығының сөзіне қарағанда, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде «Этнос күндері» жобасы қаржыландырылады. Онда барлық этномәдени бірлестік өздерінің мәдениеті, тілі, салт-дәстүрлерін көрсету арқылы ұлттық мерекелерінің мән-маңызын ашуға мүмкіндік алып жүр.

Облыстық ассамблея «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылған жобалық кеңсемен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда аталмыш кеңсемен алты бағыттағы 20 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0