суббота, 30 ноября 2024 г.
icon
511.22
icon
540.05
icon
4.73
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
-13oC
×

Қызылордада қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау бойынша отырыс өтті

Бүгін Қорқыт Ата атындағы Студенттер сарайы ҚМУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасына арналған қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау бойынша пленарлық отырыс өтті.

Шараға облыстың этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының көшбасшылары, білім, денсаулық, халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік жұмыс бөлімдерінің басшылары мен мамандары, ірі өндіріс кәсіпорындары мен ұйымдардың, шаруа қожалықтарының ұжымдары қатысты.

Шара басталмастан бұрын Студенттер сарайында тақырыптық кітап көрмесі мен халық қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Пленарлық отырыста облыстық Мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов модератор болды. Келушілердің алдында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко сөз сөйледі.

Сөз барысында ҚХА төрағасының орынбасары Қызылорда облысының Ассамблеясы бойынша аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен белсенді және жемісті жұмыс атқарып жатқанын, сонымен қатар әкімдіктің 11 облыстық және 6 аудандық этномәдени орталықтардың жұмысын қолдап отырғанын атап айтып кетті.

«Облыстық Ассамблеяның атқарып жатқан игі жұмыстары мол. Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім Кеңесінің жұмыс тәжірибесі ҚХА Хатшылығының тарапынан жоғары бағаға ие болып, республика көлемінде насихаттауға ұсынылды», — деді спикер.

Оның айтуынша, Қызылорда ассамблеясы екі жыл қатарынан «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедиция өткізіп жатыр. Сонымен бірге қызылордалық ассамблеяның тәжірибесін республиканың өзге де аймақтары қолдануда.

Облыстық Ассамблеяның бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың форумы өткізіледі. Облыста ҚХА 344 қоғамдық медиаторлары жұмыс істейтін 80 медиациялық кабинет құрылған.

«Мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруы міндеттері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы пен Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы қоғамдық келісім пен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекет пен қоғам жұмысының жаңа алгоритмін әзірлеу үшін негіз болды», — деп жалғастырды сөзін Л. Прокопенко.

Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында тұрған өзекті бағыттар мен міндеттердің бірқатарын айтып өтті.

«Ассамблея — бұл көптеген жобалардың белсенді қатысушысы. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін Ассамблеямен барлығы 565 маңызды шара өткізілген. Қызылорда облысының Ассамблеясы 41 шара ұйымдастырған. Облыста «Қазақстанға ыстық ықыласпен», «Атажұртын аңсаған» деп аталатын бірегей жобалар жүзеге асуда. Бұл қоғамдық сананы жаңғыртудағы салмақты үлес», — деді спикер.

Облыстық Ассамблея жанында аймақта тұрып жатқан қазақ халқының және барлық этностардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін зерттейтін 15 қалалық толеранттық клуб жұмыс істейді.

Сонымен қатар ҚХА хатшылығының меңгерушісі облыстық Ассамблеяға ҚХА жастар бірлестігіне жастардың бизнес-стартаптарын қолдау бөлігінде барынша қолдау көрсету туралы өтініш білдірді.

«Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде біріктіруші жалпыұлттық тарихи сананы нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, ұлтты біріктіретін құндылықтар қалыптастырылуда. Президент айтқандай, біздің дәстүріміз, ұлттық-мәдени тамырымыз, яғни, оларсыз «жаңғыруымыз ауада қалып қоймайтындай», жалпы тарихтың іргетасында қалануы тиіс», — деді Л. Прокопенко. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: