понедельник, 13 января 2025 г.
icon
526.81
icon
542.72
icon
5.16
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Тегін медициналық көмектің кепілдемелі көлемі алматылықтарға қолжетімді болады

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев медкөмектің кепілдемелі ауқымы және міндетті медсақтандыру туралы айтты.

2020 жылдан бастап қазақстандықтар медкөмекті екі пакет бойынша ала бастайды. Біріншісі – мемлекеттік кепілдеме бойынша көрсетілетін және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медқызметтер. Екінші пакет міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандыруға қатысатындарға арналған.

«Жалпы, тегін медкөмектің кепілдемелі көлемі сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан еліміздің барлық тұрғындарына қолжетімді болады. Оның құрамына жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативті көмек енген», - деп хабарлады Т. Әбілдаев.

Дегенмен, әлеуметтік маңызы бар сырқат, негізгі созылмалы ауралар кезінде консультативті–диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрімен қамту, жоспарлы және стационарлық көмек, туберкулезге ұшырағанда медициналық оңалту қолжетімді болады.

Міндетті медсақтандыру пакетіне консультативті–диагностикалық көмек, оның ішінде қымбат зертханалық қызметтер, тегін медкөмектің кепілдемелі көлемінен тыс (ТМККК) амбулаториялық дәрімен қамту, жоспарлы және стационарлық көмек, ТМККК аясында емделген жағдайда ғана, медициналық оңалту және емдеуді қайта жүргізу.

Екі пакет арасындағы айырмашылықты түсіндірген Т. Әбілдаев тегін медициналық көмек пакетінің еліміздің барлық тұрғындары үшін шағын әлеуметтік стандарт болатынын және шұғыл әрі кезек күттірмейтін жағдайларда қолданылатынын айтты. Ал, міндетті сақтандыру пакеті қалған барлық медкөмектер тізімін қамтып, сақтандырылған әрбір жанның өмір сүру сапасын жақсартуға және қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарының денсаулығын сақтауға бағытталады.

Еске салсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарында жаппай медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады, сондықтан биылғы жылдың 1 қыркүйегінде Қарағанды облысында пилотты режим жүйесі сыналған болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0