пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Танымал техника дүкені даулы жарнамаға қатысты пікір білдірді

Желіде Mechta.kz электроника және тұрмыстық техника дүкендері желісінің жарнамасындағы қате жұрт наразылығын туғызды. Онда «обогреватели» сөзі қазақшаға «жалатқыш» деп аударылған, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушлары мұндай аудармаға наразы болды. Компания бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, жарнамадағы қате бірнеше сағат ішінде түзетілген.

«Жалатқыштар жинағы! Өткен аптада бірнеше сағат ішінде елорда тұрғындары жарнаманың аудармасындағы қатені байқады. Қате бірнеше сағат ішінде түзетілді. Сөзді теріп жатқанда қате кетті. Жылытқыштарға қызығушылық артты, сондықтан сіздерге жылытқыш топтамасын ұсынамыз. Орталық жылу сіздерді жылытпаса да, біздің жылытқыштар жылытсын», - деп жазған олар әлеуметтік желідегі парақшада.

Желі қолданушылар бұған қатысты түрлі пікір қалдырған.

«Байқаусызда емес, бұл - өрескел қате», «Тілім үшін тегін аударып берейін», «Аудармашы дұрыс жұмыс істемей ме?» «Қателікті қателікпен жөндепсіздер! Қазақша аударманы жөндеңіздер», - деп жазған олар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0