вторник, 12 ноября 2024 г.
icon
491.71
icon
529.97
icon
5.05
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-15oC
×

Ғалым: «Ширік» пен «бидғат» сөздері уахабилік қозғалыс пайда болған уақыттан бастап кең қолданысқа енген

Дәстүрлі емес ислам ұстанушылары, әсіресе, салафизм бағытын қолдаушылар ең алдымен жергілікті ұлттың салт-дәстүріне қарсы шығатыны белгілі. Бұл ретте өзіміздің өмірімізден-ақ мысал келтіруге болады.

Қауға сақал қойып, балағын қысқартқан «діндарлардың» «әулиеге барсаң – ширік, тұмар тақсаң – ширік, адыраспан түтетсең – ширік, әруаққа дұға етсең – ширік» деп жағадан алғанын талай көріп жүрміз.

Ширік дегеннің не екенін сол сәләфилердің арқасында қазір көпшілік жақсы біледі. Ол – Аллаға серік қосу деген мағынаны білдіреді. «Сонда осы дәстүрлерімізді ұстанған ата-бабаларымыздың бәрі Аллаға серік қосқан кәпірлер ме?» деген жаман ой да келеді. Жо-жоқ, сөйтсек, дәстүрдің бәрін ширікке балау – ұлттың тарихын, өткенін өшіруге бағытталған миссиялардың бірі көрінеді. Мұны бүгінгі дін ғұламалары да айтып жүр.

Осы орайда біз «шиіркшілер» мен «бидғатшылар» туралы танымал оңтсүтікқазақстандық дінтанушы Алау Әділбаевтың пікіріне жүгінгенді жөн көріп отырмыз.

«Бұл сөздер ислам пайда болған уақыттан бері бар. Бірақ, ғалымдар оны көп қолданбайтын, ширік мағынасын бірнеше санатқа бөліп қарастыратын. Алайда, XVIII ғасырда уахабилік қозғалыс пайда болып, күшіне енгеннен кейін осы екі сөзді жаппай қолдану көрініс берді. Тіпті, сәләфтар осы сөздерді желеу етіп, мұсылмандарды өлтірген, қаншама қан төгілген. Ал, қазір сыртқы күштер осынау ұғымдарды ұлт ішіне жік салу үшін пайдаланып келеді», - дейді ғалым.

Оның айтуынша, біздегі білімді сәләфтардың көбі Сауд Арабиясында оқып келген көрінеді.

«Бұлардың көпшілігі білімдерін шет елдерде алған (әсіресе Сауд Арабиясында). Ал, басым көпшілік ол осы шетелде білім алып келгендердің уағыздарын тыңдайды. Бұлар жалпы діни тұрғыда сауатсыз жандар. Сол сауатсыздығынан болса керек, рухани ұстаздарының сөзіне еріп, қазақтардың бәрі Аллаға серік қосқан деп еш қорықпастан айта береді. Олардың пікірінше, 1991 жылға дейін Қазақ даласында исламның бұрмаланған бағытын ұстанған. Тек ел тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана араб елдерінен шын ислам келіп жетіпті. Осылайша олар өздерінің қалай уахабит болғанын білмей де қалады. Ал, ұстаздары уақыты келгенде қоғамды бидғатшылардан тазартыңдар деп бұйырады. Міне, лаңкестіктер сол кезде жасалады», - дейді А.Әділбаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0