Батыс Қазақстандық украйындар Сорочин жәрмеңкесін атап өтті
Орал қаласында Украин халқының ұлттық мерекесі Сорочин жәрмеңкесі тойланды. Осымен 10 – шы жыл қатарынан атап өтіліп жатқан мерекеге жиналған ағайынның көңіл - күйлері көтеріңкі. Облыс және қала тұрғындарын украин халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып, ұжымдық шығармашылық жетістіктермен бөлісуді көздеген мерекеге қала тұрғындары көп жиналды. Өңір тұрғындары орталық саябақта ән-айтып би билеп, украин халқының мерекесінің сәнің келтірді.
«Сорочин жәрмеңкесі» мейрамының тарихы тереңде. Сорочин жәрмеңкесі ― егін жинау науқанының аяқталу уақытымен, алтын күздің берген берекесіне шүкірлік етуден, қамбаға толған ақ бидайдын молдығына, тәңірдің берген несібесіне алғыс айтуды көздейтін украйын ұлтының ұлттық мейрамы. Бұл да қазақылығымыз бен қонақжайлығымыздың айқын белгісінен болса керек, украин халқының ұлттық бояуы қанық мерекесін Оралдықтар жыл сайын ерекше көңіл күймен, ерекше дайындықпен тойлайды.
Жиылған жұртшылықты «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Александр Ажғалиев аталмыш мерекемен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспарында атап көрсеткеніндей «Бірлік пен біртектілік» Қазақстандықтардың басты қағидасы болуы керек. Сондықтан да көп этносты Қазақстандағы татулықты сақтауда, бейбітшілікті нығайтуда әр Қазақстан азаматы жауапты. Осындай өзге этностардың мерекесін тойлау, оларды баурына тарту арқылы қазақ халқы елдегі тыныштық пен бейбітшілікті, ұлтаралық татулықты сақтауды көздейді.
Елдегі этносаралық татулық пен бірлік Қазақстандық саясаттың басым бағыты. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ҚХА жиындарында үнемі айтып жүр. Бір ғана Ақжайық атырабында 10 мыңнан астам украин ұлтының өкілі бейбіт ғұмыр кешуде. Осымен оныншы рет тойланып отырған шарада облысымыздың түкпір -түкпірінен келген қонақтар жәрмеңкенің көркін қыздырып, украйын әндерін шырқады. Зеленов ауданынан осы жәрмеңкеге арнайы келген Людмила Ишкова Сорочин жәрмеңкесіне өз қолымен дайындалған қолөнер бұйымдарын, көкөністен жасалған түрлі өнімдерін ала келгенін айтады.
Мерекелік іс-шара барысында, қала тұрғындары мен қала қонақтары, концерттік бағдарлама мен театрланған көріністерді тамашалап қана қоймай, украин халқының ұлттық тағамдарының дәмін тату мүмкіндігін де алды. Сорочин жәрмеңкесі Украинада ХІХ ғасырда тойлана бастаған. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қайта жанданған. Қазіргі кезде оған ұлттық мәртебе берілген. Бұл мейрам негізінен тамыз айының соңында аталып өтіледі.
-
Беременную с кровотечением госпитализировали только после резонанса07.02.2023, 10:50Повзрослевшая Данэлия Тулешова получила множество хейта в свой адресСегодня, 15:10Казахстанская исполнительница Данэлия Тулешова снова в популярном американском шоу07.02.2023, 19:45Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»Сегодня, 11:20Фашистами назвали алматинок, попросивших меню в кафе на казахском языке07.02.2023, 11:59Французский журнал высмеял землетрясение в Турции07.02.2023, 17:16
-
23:10Два казахстанца продолжают находиться под завалами в Турции22:20СпецЦОНы изменили график работы из-за уменьшения обращений по вопросам легализации авто21:40Из Казахстана запретили вывозить бензин и дизтопливо21:00Иностранцы пытались провезти в Казахстан крупную партию электронных сигарет20:10Более 40 млн тенге собрали казахстанцы для пострадавших в Турции19:35Казахстанку нашли живой под завалами в Турции19:15В Астане предложивший помощь пенсионерке парень ограбил ее18:45В Алматы незаконно ограничивали деятельность лагеря для особенных детей18:14«Не можем сидеть, сложа руки»: как казахстанцы помогают пострадавшим в Турции18:00Новые правила ПМЖ для иностранцев в Казахстане17:45Штормовое предупреждение объявлено на большей части Казахстана17:30Казахстанский певец The Limba представил родителям свою невесту17:15Еще дешевле стал доллар на казахстанской бирже17:01Только 34% обращений бизнесменов смогли решить за прошлый год16:47Казахстанские волонтеры начали сбор гумпомощи для пострадавших в Турции