среда, 27 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-9oC
×

Екпе егу исламда «харам» емес

Жасыратыны жоқ, елімізде соңғы уақытта дәстүрлі емес ислам ағымдарына ерушілердің қатары артып кетті. Салдарынан лаңкестік оқиғаларды айтпағанның өзінде қоғамда түрлі келеңсіздіктер орын алуда. Солардың бірі – «діндарлардың» кішкентай балаларға екпе егуіне қарсылығы.

Бұл проблемамен қазір еліміздегі облыстардың бәрі бетпе-бет келіп отыр. «Екпе егу шариғатқа қарсы» деп, өз балаларының өмірін үлкен қатерге тігетін ата-аналар өкінішке қарай ешқандай ғылымға мойынсұнбайды. Салдарынан балалардың айықпас дертке ұшырау қаупі де артуда.

Күні кеше ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің маманы М.Өтелбаева жергілікті радиолардың біріне сұхбат беріп, исламның екпе егуге мүлдем қарсы келмейтінін баяндады.

«Екпе жасау дұрыс емес дейтіндердің біраз бөлігі, бұл қарсылығы шариғатпен тікелей қатысы барын айтады. Ал, медицина саласының мамандары ғылыми тәжірибелерге сүйеніп, екпе жасату дұрыс әрі қажетті шаруа дейді.  Соңғы жылдары балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егілетін вакциналарға ата-аналар қарсылығы бой көрсеткенінен хабардармыз. Бұл, әсіресе, денсаулық сақтау қызметкерлерінің алаңдаушылығын тудыруда.  Өйткені, екпесіз ұлттың ертеңі бұлыңғыр екенін дамыған елдердің медицинасы да мойындаған. Вакциналық екпе егуге ислам шариғаты мамандары қарсы емес. Мысырдағы әл-Азһар Ислам университеті жанындағы ғұламалар кеңесі, Ислам Конференциясы ұйымына қарасты Ислам фиқһ кеңесі ғұламалары, Марокко мен Сауд Арабиясы карольдігінің ғалымдар кеңесі түрлі жұқпалы аурулардан сақтану үшін вакцинациялық екпеге жүгінуге болады деп пәтуа шығарған. Әбу Һурайрарадан жеткен хадисте «Ауруды жаратқан, сол ауруға емді де қоса жаратқан еді». Мұнан да бөлек, сахих хадистердің барлығында, «ауру бар болса, сол аурудың емі де бар» деген сөздер айтылған. Сондықтан да, адамның өміріне медицинаның  араласпауы керек деген дұрыс емес», — деді дін саласының маманы аталған сұхбатында.

Яғни, ата-ананың баласының өмірін қауіп-қатерге тігуінің өзі дінде мақұлданбайды. Ал, дін атын жамылып, жалған дәлелдерді қалқан қылып алған «діндарлар» бұл қателіктерін көп кешікпей түсінеді деген ойдамыз.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0